-
«Алаш және ашаршылық қасіреті: себептері мен салдарлары» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті
2021 ж. 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Институт және «Ақ жол» демократиялық партиясы мен «Алаш» мәдениет және рухани даму институты бірлесіп «Алаш және ашаршылық қасіреті: себептері мен салдарлары» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізді. Модератор ретінде ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д. А.Ж. Шәріп болды. Институт директоры, т.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі […]
-
«Ұлық Ұлыс – Алтын Орда: бастаулары, тарихы және мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
2021 ж. 28 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің қолдауымен «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда: бастаулары, тарихы және мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Ұйымдастырушылар ретінде Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті, Мемлекет тарихы институты және Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты болды. Іс-шара келесі бағыттар […]
-
Сенатта ашаршылық туралы құжаттар жинағының тұсаукесері өтті
2021 ж. 28 мамырда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Сенатта (Нұр-Сұлтан қ.) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жарық көрген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» атты жаңа еңбекті көпшілікке таныстыру рәсімі өтті. Бұл іс-шараға Институттың жетекші ғалымдары қатысты. Бұл басылым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дайындалған. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне осы тақырыпты кеңінен зерттеп […]
-
«Қазақ АКСР-ындағы жұқпалы аурулар мен індеттерге қарсы күрес: тарихы және тәжірибесі» атты дөңгелек столдың ақпараттық хаты
2021 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Қазақ АКСР-ындағы жұқпалы аурулар мен індеттерге қарсы күрес: тарихы және тәжірибесі» атты тақырып бойынша өтетін дөңгелек үстелге қатысуға шақырады! Дөңгелек үстелдің мақсаты – ғылыми айналымға тартылмаған тың архив құжаттары мен деректерінің негізінде 1920-1936 жылдары Қазақстан аумағында […]
-
«Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттегі 1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы аштық» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің ақпараттық хаты
2021 жылғы 21 қыркүйекте Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 1920 жылдардың басындағы ашаршылықтың 100 жылдығына арналған «Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттегі 1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы аштық» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізіледі. Бүгінгі таңда кеңестік мемлекет тарихының «жабық» тақырыптарының бірі – 1921-1922 жылдардағы ашаршылықты жан-жақты зерделеу қажеттігі пісіп-жетілді. 30-жылдардың басындағы аштықты зерттеуге көп көңіл бөлінеді, ал алдыңғы […]
-
«Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихының өзекті мәселелері: билік және қоғам» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді
2021 ж. 25 мамырда Институттың Жас ғалымдар кеңесі «Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихының өзекті мәселелері: билік және қоғам» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияның мақсаты қазақ қоғамының дәстүрлі құрылымының әлеуметтік-экономикалық трансформациясы процесіндегі билік пен қоғамның өзара қарым-қатынасы контексінде Кеңес үкіметі кезеңіндегі Қазақстанның аграрлық тарихын зерттеудің өзекті мәселелерін анықтау болды. Конференция «Қазақстанның соғыстан кейінгі онжылдықтағы шаруалары: […]
-
Белгілі тарихшы-ғалым, академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың жары Сара Пішенбайқызы дүниеден өтті
М.Қ. Қозыбаев 1988 жылдың маусымынан 2002 жылдың қаңтары аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметін атқарған еді. М.Қозыбаевтың еліне деген сүйіспеншілігі отандық тарихтың жеке мектебін құруға және талантты ғалымдардың жаңа легін дайындауға итермеледі. Оның жетекшілігімен жүзге жуық ғылым докторлары мен кандидаттары (13 ғылым докторы және 85 ғылым кандидаты) даярланды. Олар бүгінде Қазақстанның […]
-
«Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті мен этноәлеуметтік құрылымын зерттеу контекстіндегі Оңтүстік Қазақстанның этникалық тарихының мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция
2021 жылдың 20 мамырында Институт «Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті мен этноәлеуметтік құрылымын зерттеу контекстіндегі Оңтүстік Қазақстанның этникалық тарихының мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырып өткізді. Конференцияның мақсаты – Оңтүстік Қазақстан аумағындағы этногенетикалық, этномәдени процестердің ерекшеліктерін, ең алдымен, қазақтардың халықтық тарихының мәселелері тұрғысынан қарастыру. Географиялық жағынан оған Қазақстан Республикасының қазіргі аймақтары – Түркістан, Жамбыл, Қызылорданың едәуір бөлігі […]
-
«Тарихи жады: қасірет пен ел тұтастығы» атты конференцияның ақпараттық хаты
20.05.2021 16.00 ҚР ҰҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Ақ жол» ҚДП Алматы қаласы филиалының ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихи жады: қасірет пен ел тұтастығы» атты онлайн форматта өтетін конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференция жұмысы барысында кеңестік дәуірде орын алған саяси қуғын-сүргіннің себеп-салдары мен барысы, оның ел санасы […]
-
ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАҒЫ ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСУЫ
18 мамыр 2021 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «ХХ ғ. 20-30 жылдардағы Кеңестік Қазақстандағы шаруалар көтерілістері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. ЖТН AP09259347 «Кеңестік Қазақстан: әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихының тағылымы (1920-1991 жж.)» жобасы аясында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде 20-30 жылдардағы Қазақстандағы шаруалар қарсыласуының сипаты, негізгі себептері, барысы, ерекшеліктері мен салдары талқыланды. Шаруалар бас […]