Самашев З. Наскальные изображения Казахстана как исторический источник: дисс… д.и.н.: 07.00.06

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология Институты Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Самашев Зайнолланың тарих ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін «Қазақстанның жартас суреттері тарихи дерек ретінде» тақырыбында 07.00.06 – археология мамандығы бойынша дайындаған диссертациясын қорғау туралы хабарландыру.

Диссертация Институттың БД 53.33.01 диссертациялық кеңесінде 2010 жылдың 26 ақпанында қорғауға қабылданған (хаттама № 6).
Қорғау ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология Институтындағы ОД 53.33.01 тарих ғылымының докторы ғылыми дәрежесін беретін диссертациялық кеңес отырысында 2010 жылдың «30» сәуірде сағат 14.00-ге белгіленді. Адресі: 050021, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29 үй.
Диссертациялық жұмыс ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институтында орындалған.
Жетекші ұйым – Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімінің археология және этнография Институты, Новосибирск қаласы. Институтта тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Ғылым Академиясының академигі А.П. Деревянко (мамандығының шифры – 07.00.06); тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Ғылым Академиясының академигі В.И. Молодин (мамандығының шифры – 07.00.06); тарих ғылымдарының докторы Н.В. Полосьмак (мамандығының шифры – 07.00.06); тарих ғылымдарының докторы, профессор В.Д. Кубарев (мамандығының шифры – 07.00.06), тарих ғылымдарының докторы, профессор Ю.С. Худяков (мамандығының шифры – 07.00.06), тарих ғылымдарының докторы В.П. Мыльников (мамандығының шифры – 07.00.06); тарих ғылымдарының докторы, профессор В.Е. Ларичев (мамандығының шифры – 07.00.06) және басқалар жұмыс істейді.
Ресми оппоненттер:
1 Зайберт Виктор Федорович – тарих ғылымының докторы, профессор, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, ОД 53.33.01 диссертация кеңесінің мүшесі (мамандығының шифры – 07.00.06);
2 Евдокимов Валерий Валентинович – тарих ғылымының докторы, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті, Отан тарихы кафедрасының профессоры (мамандығының шифры – 07.00.06);
3 Мартынов Анатолий Иванович – тарих ғылымының докторы, Ресей Федерациясының Кемерово қаласындағы Мемлекеттік университеттің археология кафедрасының профессоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (мамандығының шифры – 07.00.06).
Диссертация авторефераты және хабарландыру мәтіні www.iie.kz сайтына енген.