Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Берлібаев Б.Т. Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.): 07.007.02, 07.00.09


 ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты БД 53.33.01 диссертациялық кеңесінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 11 хаттамасы бойынша қорғауға қабылданған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Берлібаев Бақдәулет Тұрбекұлының «Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)» тақырыбындағы 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) – 07.00.09 – тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандықтары бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға дайындаған диссертациясының қорғалуы туралы хабарландыру. 

 

Диссертация 2010 жылы 9 шілдеде сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Ғылыми кеңесшісі: Мажитов Саттар Фазылұлы – ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Жетекші ұйым: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты. Онда тарих ғылымдарының докторы, профессор  М.Х. Әбусейітова – институт директоры, шығыстық деректер, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті бөлімінің меңгерушісі (мамандық шифры – 07.00.02, 07.00.09), осы бөлімде тарих ғылымдарының докторлары К.Л. Есмағамбетов (мамандық шифры – 07.00.02, 07.00.09), А.И. Оразбаева (мамандық шифры –07.00.02, 07.00.09), Ж.А. Ермекбаев (мамандық шифры – 07.00.02) және басқа да ғалымдар қызмет етеді.

Ресми оппоненттер:

1. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деректану және тарихнама кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Атабаев Қамбарбек Махамбетұлын (мамандық шифры – 07.00.02, 07.00.09) ұсынамыз;

2. Еуразия гуманитарлық институты оқу және ғылыми істер проректоры, т.ғ.д., профессор Ахметов Кадыр Әбілжанұлын. (мамандық шифры – 07.00.02) ұсынамыз;

3. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Кәкенова Галина Мәжитқызын (мамандық шифры – 07.00.09) ұсынамыз.

Осы хабарлау және диссертацияның авторефераты институттың www.iie.kz сайтында жарияланды.