Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Сманқұлова Ж.Е. Қазақстан Республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждерінің қалыптасу және даму тарихы (1991-2008): 07.00.02


ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты БД 53.33.01 диссертациялық кеңесінің 26 наурызда 2010 жылы (хаттама № 10) қорғауға қабылданған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарихты оқыту және зерттеу технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Сманқұлова Жанат Ерекенқызының «Қазақстан Республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждерінің қалыптасу және даму тарихы» (1991 – 2008 ж.ж.) тақырыбындағы 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға дайындаған диссертациясының қорғалуы туралы хабарландыру 

 

Диссертация 2010 жылы 27 тамызда сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің             Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Шевченко, 28).

Ғылыми кеңесшілері: Күнқожаев Нажман Разақұлы – Алматы қаласы білім беру жүйесі педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы.

Жетекші ұйым: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты. Шығыстану институтында тарих ғылымдарының докторы, профессор  К.Л. Есмағамбетов., тарих ғылымдарының докторы, профессор  Ж.А. Ермекбаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор   Г.М. Меңдіқұлова және  т.б. қызмет етеді.

Ресми оппоненттер:

1. Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Зақыш Түлеханқызы Садуақасова (мамандығының шифры – 07.00.02);

2. Семей мемлекеттік педагогикалық  институтының тарих және философия кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Байсарина Қымбат Қабидолдақызын (мамандығының шифры – 07.00.02) ұсынылады;

3. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің ЕАГИ проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессоры Ахметов Қадыр Әбілжанұлын (мамандығының шифры – 07.00.02) ұсынылады.

 

Осы хабарлау және диссертацияның авторефераты институттың www.iie.kz сайтында жарияланды.