Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Токтабай А.У. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі жылқы феномені: 07.00.07


 ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты БД 53.33.01 диссертациялық кеңесінің 8 шілдеде 2010 жылы (хаттама № 21) қорғауға қабылданған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тоқтабай Ахмет Уалханұлының «Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі жылқы феномені» тақырыбындағы 07.00.07 – Этнография, этнология және антропология мамандығы бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға дайындаған диссертациясының қорғалуы туралы хабарландыру.

 

Диссертация 2010 жылы 29 қыркүйегінде сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).

Ғылыми кеңесші: Смағұлов Оразақ – ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Этнология және антропология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, Болония ғылым академиясының корр.-мүшесі (Италия), т.ғ.д, профессор.

Жетекші ұйым: ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты. Онда тарих ғылымдарының докторы Ш.Ж. Тохтабаева (мамандығының шифры – 07.00.07, этнография, этнология және антропология), тарих ғылымдарының кандидаттары Г.А. Искаков пен Каримова Р.У. (мамандығының шифры – 07.00.07, этнография, этнология және антропология), басқа тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар Әбусейітова М.К., Есмағамбетов К.Л., Меңдіқұлова Г.М., Муминов А.К., Камалов А.К., т.б. еңбек етеді.

Ресми оппоненттер:

1. Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы – Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің археология және этнология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессоры (мамандығының шифры – 07.00.07);

2. Асанканов Абылабек Асанканұлы – И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің отандық тарих және этнология кафедрасының професоры, тарих ғылымдарының докторы (мамандығының шифры – 07.00.07);

3. Жамбыл Омарұлы Артықбаев – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеттің Еуразиялық зерттеулер кафедрасының профессоры және Еуразия зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы (мамандығының шифры 07.00.07) ұсынылады.

Осы хабарлау және диссертацияның авторефераты институттың www.iie.kz сайтында жарияланды