Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Құдайбергенова А.И. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.): 07.00.02


ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты БД 53.33.01 диссертациялық кеңесінің 26 тамызда 2010 жылы (хаттама № 24) қорғауға қабылданған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның тарихи демографиясы және қазіргі әлеуметтік үрдістер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызының «Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)» атты тақырыпта 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға дайындаған диссертациясының қорғалуы туралы хабарландыру.

Диссертация 2010 жылы 28 қазанында сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).
Ғылыми кеңесші: Асылбеков Мәлік-Айдар Хантемірұлы – ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның тарихи демографиясы және қазіргі әлеуметтік үдерістер бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д, профессор.
Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академик Т. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы. Бұл кафедрада т.ғ.д., профессор Г.В. Кан (мамандығының шифры – 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы), т.ғ.д., профессор Ә.Н. Құдайбергенов (мамандығының шифры – 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы), т.ғ.к., доцент Т. Нүрпейіс, т.ғ.к., доцент Т. Далаева, т.ғ.к., доцент Н. Қуанышәлин және т.б. мамандар еңбек етеді.
Ресми оппоненттер:
1. Талас Омарбеков – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (мамандығының шифры – 07.00.02);
2. Жарас Акишевич Ермекбаев – Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының шығыстық деректану, шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, професор (мамандық шифры – 07.00.02);
3. Ләзат Нұрбайқызы Нұрсұлтанова – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазіргі заман тарихы мен ғылыми ақпараттар бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы (мамандығының шифры 07.00.02) ұсынылады.

Осы хабарлау және диссертацияның авторефераты институттың www.iie.kz сайтында жарияланды.