Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Новосібір мемлекеттік университетінің Гуманитарлық институтымен ынтымақтастық туралы меморандум


2019 ж. 1 қарашада Новосибирск қаласында «Коммуникативтік мәдениет: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, институт директоры З. Қабылдинов этникааралық қатынастардың ерекшелігі бойынша баяндама жасады. Форум алаңдарында Новосібір мемлекеттік университетінің гуманитарлық институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Одан әрі ғылыми-білім беру байланыстарының контурлары мен алгоритмі анықталды. Атап айтқанда, «Қазақстан және Сібір: тарих және қазіргі заман» бірлескен ғылыми басылымын қалыптастыру туралы алдын ала келісім құрылды. Институт ғалымдары үшін РҒДИ деректер базасына кіретін университет журналына қол жеткізілді.