Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі қазіргі әлемдік феномен ретінде» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы


Алматы қаласындағы Достық үйінде 2019 ж. 26 қарашада ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының ұйымдастыруымен «Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі қазіргі әлемдік феномен ретінде» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шара «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасы жобасын талдамалық зерттеу, өзектілігін арттыру және ақпараттық қолдау, Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістерді зерттеуге байланысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында өткізілді.

Конференцияның жұмысына шетелдік және отандық ғалымдар, қоғам қайреткерлері, этномәдени орталықтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және қалың жұртшылық өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында 2017 жылдан бастап «Елбасы» Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асырудағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты базасында дайындалудағы «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми-тарихи картасының толықтырылған, жаңартылған нұсқасы көрсетілді.

Этникааралық келісімнің өзекті мәселелері, қазақ халқы толеранттылығының тарихи қырлары, ҚР этностарының тарихы мен қазіргі заманғы жағдайы талқыланған бұл конференция өскелең ұрпаққа патриоттық және адамгершілік тәрбие береді деп санаймыз.