Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт директоры З.Е. Қабылдиновтың 2019 ж. қорытынды есебі бойынша баспасөз хабарламасы


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы 2019 жылғы Институттың ғылыми ұйымдастыру жұмыстарының негізгі нәтижелері жөніндегі институт директоры З.Қабылдиновтың жылдық қорытынды есебін 2019 жылғы 27 желтоқсан күні тыңдауға шақырады. Іс-шара аясында 5 жаңа кітаптың таныстырылымы өткізіледі.

  1. Национально-освободительное движение  казахского народа в конце XIX – начале XX веков. Сборник документов. – Алматы, 2019 – 640 с.
  2. Из истории казахско-российских отношений. XVIII век. Сборник документов.– Алматы, 2019 – 522 с.
  3. Исаева А.И. Көрнекті ғалым М.С. Мұқанов және XX ғасырдағы отандық этнология – Алматы, 2019 – 296 б.
  4. Калыбекова М.Ч., Шеткус Б., Болатхан Ә. От Балтийского моря до степей Казахстана. Монография. – Алматы, 2019 – 260 с.
  5. Калыбекова М.Ч. Науқанды заман: қазақ жеріне халықтарды депортациялау тарихы (1937-1956 жж.). Монография. – Алматы, 2019 – 267б.

Іс-шараға белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ҒЗИ директорлары, әкімшілік өкілдері, ЖОО профессор-оқытушылары, БАҚ және тағы басқа сала өкілдерінің қатысуы көзделуде. Әр қатысушы таныстырылым кітаптарын алады.

Іс-шараның өту күні: 2019 жылғы 27 желтоқсан, сағат 11.00

Өтетін орны: РММ «Ғылым ордасы», 3 қабат, Кіші  конференц-залы

Байланыс: телефон: 8 (727) 261-67-19,  е-mail: kazhistory@bk.ru

Құрметпен, оргкомитет