Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

“Унивеситет, қоғам, инновациялық даму: тәжірибе және келешек” (Көкшетау қ., 10-12 қазан 2012 ж.)


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Н.Н. Құрманалинаныңіс-сапар бойынша (Көкшетау қ., 10-12 қазан 2012 ж.)

ЕСЕБІ

Іс-сапардың негізгі мақсаты Көкшетау қаласы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 50 жылдық мерейтойына арналған «Унивеситет, қоғам, инновациялық даму: тәжірибе және келешек» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде өткізілетін Жас ғалымдар форумының жұмысына қатысу.
Жас ғалымдар форумында 3 секция жұмыс жасады:
Секция I. Педагогикалық ғылым және білім: тәжірибе, мәселелер мен келешек
Секция II. Тарих, философия, заңтану. Тарихтағы тұлғаның рөлі
Секция III. Халық шаруашылығы саласындағы инновациялық технологиялар
Секция II. Тарих, философия, заңтану. Тарихтағы тұлғаның рөлі. 1-ші секция Тарихнама және деректанудың өзекті мәселелері бағыты бойынша «Отандық тарихнамадағы «электронды үкімет» және мемлекеттік мекемелердің электронды құжаттарының маңыздылығы» тақырыбы бойынша баяндама жасалды. 
«Ғылым және білім саласындағы жастар саясатының жүзеге асырылуы. Жас ғалымдар кеңесінің, ғылыми ассоциациялар мен бірлестіктердің міндеттері және проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Орал, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау қалаларынан жас ғалымдар қатысты. Қазақстандағы жоғары білім берудің және жастарды ғылымға тартудың өзекті мәселелеріне байланысты баяндамалар оқылып, пікір алмасу өтті.  Резолюция ретінде ЖОО-да студенттерді мемлекет тарапынан ұтып алынған ғылыми жобалар жұмысына тарту және Жас ғалымдар форумын жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдыру ұсынылды.
Жұмыс қорытындысы ретінде төмендегі жинақ жарыққа шықты:
Университет, общество, инновационное развитие: опыт и перспективы: Материалы Форума молодых ученых, прошедшего в рамках международной научно-практической конференции, появященной 50-летию Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова и высшего образования в Акмолинской области. – Кокшетау, 2012. – 206 с.