Құрметті әріптестер!


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылғы 18 маусымда сағат 11.00-де «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ресей империясының Қазақ хандығына қатысты саясатын зерттеу мәселелері (XVIII – XIX ғғ. басы)» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелде келесі бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқылау жоспарланып отыр:

–        Қазақ хандығын зерттеудегі жаңа ұстанымдар;

–        Қазақ хандығының деректану және тарихнама мәселелері;

–        Қазақ хандығы тарихының өзекті мәселелері;

–        Қазақ хандығы халықаралық қатынастар орбитасында.

 

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Іс-шараға ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Іс-шараға сондай-ақ онлайн-режимде Zoom платформасы негізінде қатысуға болады (идентификатор 882 6499 6681, пароль569009)

 

Дөңгелек үстел бағдарламасына ену үшін «Дөңгелек үстелге» бұрыштамасымен толтырылған тіркеу формасын 2020 жылдың 15 маусымына дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 3-қабат, 310-бөлме, тел.: 8 (702) 407 62 40 – Шотанова Ғалия Айтжанқызы – Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінің меңгерушісі; e-mail: galia8.09@mail.ru.

 

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

Тегі_______________________________________________________________

Аты_______________________________________________________________

Әкесінің аты_______________________________________________________

Ғылыми атақ-дәрежесі_______________________________________________

Ұйым аты, лауазымы________________________________________________

Мекен-жайы_______________________________________________________
Байланыс телефоны_________________________________________________

E-mail_____________________________________________________________

Баяндама тақырыбы_________________________________________________

Баяндамашы туралы мәлімет _________________________________________

Тақырыпқа қызығушыларға осы ақпаратты таратқандарыңыз үшін алдын-ала алғыс білдіреміз.

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті