Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Художественная обработка дерева и кости у казахов ХІХ–ХХ вв.» атты оқу құралының шығарылуы


Институт «TUGURULHAN – ON HAN» корпоративтік қордың қолдауымен Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институтының профессоры Ш.Ж. Тохтабаеваның «Художественная обработка дерева и кости у казахов ХІХ–ХХ вв.» атты оқу құралын басып шығарды. Кітап ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ халқының ағаш бұйымдарының генезисін, көркемдік-бейнелі және семантикалық мәнін ашуға арналған.