ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында 2009 жылдың 15 желтоқсанында Академик, ҚазКСР ғылым Академиясының бұрынғы вице-президенті және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының директоры Нүсіпбеков Ақай Нүсіпбекұлының 100 жылдығына арналған «Қазақстанның гуманитарлық ғылымы: дәстүр және қазіргі кезең» атты Халықаралық ғылыми – теориялық конференция өтеді.
Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР БҒМ және ҚР ҰҒА; ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология институты», ҚР БҒМ ҒК «Ә. Марғұлан атындағы Археология институты», ҚР БҒМ ҒК «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты».
Конференция барысында төменгі мәселелер қарастырылады:
1. Академик А. Нүсіпбеков және Қазақстанның тарих ғылымы.
2. Қазақстанның мәдени мұра мәселелері: тарих, археология, шығыстану.
3. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.
4. Қазақстанның әскери тарихы ғылымы.
Конференцияға қатысу үшін тіркелуге өтініштер 2009 ж. 25 қараша дейін, ұйымдастыру комитетіне жіберілсін:
1. Конференцияға қатысуға өтініш беру, онда тегі, аты-жөні, баяндама тақырыбы, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі/атағы, мекен-жайы, телефон, электрондық адресі.
2. Баяндаманың мәтіні, төмендегі талаптарға сай безендіріліп электрондық байланыс арқылы kazhistory@bk.ru // erimbet_99@mail.ru файлға енгізілсін (as an attachment).
Мәтіннің безендірілу ережесі:
• Мәтін тілі – қазақ, орыс
• Көлемі – 5 бет
• Word 97-2003 редактор арқылы файлдың аталуы мақала авторының аты-жөніне сай келуі тиіс; жол көлемі – 2,5 см.
• Бағыттылығы – кітаптық: шрифті – Times New Roman
• Кеглі – 14; жаңа жолдан – 0,75 см.
• Аралық интервал – біреу; түзулеу – ені бойынша
• Сілтеме соңында, ескерту түрінде (автоматты түрде емес) беріледі
• Мақала тақырыбы бас әріптерімен дәл ортасына беріледі. Тақырып соңына нүкте қойылмайды
• Тақырып мәтіннен бос жол аралық арқылы бөлінеді. Тақырыптың үстінде, оң жағында автордың тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі/атағы, жақша ішінде қаласы көрсетіледі
Конференцияны ұйымдастыру комитеті: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29 үй, ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, байланыс тел.: 261-01-33, 272-68-46.
Фотоархив