Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі мен 2007-2009 жж. арналған ұсыныстары


Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған: «қазақ халқы мен Қазақстанды мекендейтін басқа да этностардың тілдік, рухани және материалдық бай құндылығына сүйенген қоғамдық мәдени қоғамдастықты құру жолындағы біртұтас екі міндетті шешуге, сонымен бір мезгілде – бүкіл әлемдік өркениеттің рухани-мәдени дамуындағы көп қырлы тәжірибесін қабылдауға негізделген».
Қазақстандағы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелерінің тарихи маңызы бар. Этникалық өзіндік ерекшелік пен өзгешелікті жойып жіберу қатері мен бірыңғайлау үрдістерімен сипатталатын ХХІ ғасырда бұл ұлттық мәдениет пен руханилықты сақтап қалуға шақыратын шара болып табылады.
Сонымен бірге қазақстандық қоғам мен мемлекеттің мәдени игіліктерді сақтап, көбейту жолындағы қамқорлығы ғаламдану жағдайына бейімделу моделінің өзіндік үлгісі болып табылады.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2004-2006 жж. арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының «Тарих және этнография» секциясы бойынша жұмыс істеді (кейінірек, ҚР Мемлекеттік Хатшысының 1.04.2006 ж. нұсқауына сәйкес, «Тарих және этнография» секциясы дербес екі – «Тарих ғылымы» және «Этнография және антропология» деп аталатын секцияларға бөлінді).
«Тарих ғылымы» секциясы бойынша Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеу төмендегі бағыттарға сай жүргізілді:
– 10 томдық «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» топтамасы (қазақ тілінде). Институт 10 томның қолжазбаларын даярлап, түгел баспаға өткізді. Бес томы жарыққа шықты, қалған бес томы «Фолиант» (Астана қ.) баспасында өндірісте.
– Истории Казахстана в произведениях античных авторов в 2-х томах (орыс тілінде). Институт 2005 ж. қазан айында 2 томның қолжазбаларын даярлап, түгел баспаға өткізді. 2006 жылы «Древнегреческие авторы о Великой степи» атты I-томы баспадан шықты. 2006 ж. соңына қарай «Латинские авторы о Великой степи» деп аталатын 2-томын жариялау жоспарланған).
– История Казахстана в русских источниках в 10-ти томах (орыс тілінде). Бес томы жарыққа шықты, қалған бес томы баспада өндірісте.
– История Казахстана в западных источниках в 10 томах (орыс тілінде). Бұл топтаманың барлық он томы жарияланды.
Жоғарыда көрсетілген әрбір бағыт бойынша алғаш рет тарих ғылымында баспаға жариялау үшін әлемдік тарихи ойдың классикалық шығармалары, сондай-ақ, отандық тарихты зерттеуде бағалы дерек болып табылатын құндылықтар таңдап алынды.
Институтың 2004-2006 жж. жоспарлаған барлық томдары түгелдей даярланып, дер кезінде өндіріске енгізу үшін баспаға тапсырылды.
«Этнография и антропология» секциясы бойынша 2 томдық «Қазақ халқының салт-дәстурлері (қазақ тілінде)» бағытында жұмыс жүргізілді. Бұл серияның «Қазақ халқының салт-дәстурлері: біртұтастығы мен ерекшелігі» атты 1 томы жарыққа шықты. «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: дүниеге келгеннен өлімге дейін» («Казахские обычаи и традиции: от рождения до смерти») деп аталатын 2- томы баспада өндірісте.
13.07.05. күнгі Мәдениет, ақпарат және спорт вице министрі Е.А.Аманшаев бекіткен жоспарға сәйкес Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының тарихи-мәдени мұра кешенін зерттеу экспедициясы төмендегі жұмыстарды жүргізді:
1. «Әйтеке биді тарихи-антропологиялық тұрғыдан зерттеу».
2. «Кенесары Қасымұлының сүйегін тарихи зерттеу негізінде іздеу».
Зерттеу негізінде Қазақстанның тарихи ғылымында алғаш рет 1) Кенесары Қасымұлыны тұтқындаған жер, 2) оның соңғы орналасқан хан ставкасының орны және 3) оны жазалаған жер географиялық және тарихи тұрғыдан дәл және нақты анықталды. Сондай-ақ, Әйтеке бидің Сейтқұл әулие мавзолейінің жанында жерленгені нақтыланды.
Сонымен барлық жоспарланған жұмыстар толығымен орындалды.
Сондай-ақ Институт Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына қатысты жұмыстарды 2007-2009 жж. жалғастыруды ұсынады. Ең алдымен алдыңғы жылдары Институт жұмыс істеген бағыттағы қазақ тіліндегі кітаптарды жариялауды жалғастыру керек.
Біріншіден, 10 томдық «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» топтамасын жариялау тәжірибесі көптеген материалдардың қазақ тілді аудиторияға қажет екенін көрсетті. Кезінде ресми биліктің саяси және идеологиялық ұстанымдарына байланысты әлемдік тарихи ой-пікірдің көптеген жетістіктеріне қол жеткізбегеніміз белгілі. Сол себепті, дүние жүзіне тарихи ойдың классикалық үлгісі ретінде танылған көптеген шығармалар қазақ тіліндегі оқырмандар үшін үлкен қызығушылық туғызатын интеллектуалды мәнге ие. Алғашқы 10 томның көлемі шектеулі болғандықтан көптеген материалдарды жеткілікті түрде кіргізе алмадық. Ал қазіргі тарихи ақпараттар нарығы жағдайында шығармалардың, әсіресе қазіргі тарихи ой-пікірдің қазақ тіліне толық көлемде аударылуына деген мұқтаждық бар. Сол себепті, қазақ тіліндегі «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» топтамасын (11-20 томдар (300 б.т.) жариялауды жалғастыру дер уақытындағы және қоғамдық мәні бар шара.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты 2008-2010 жылдаға ұсынатын келесі жоба көптомдық: «Түркістан жинағындағы» Қазақстан тарихының материалдары» топтамасы (1-10 томдар, 300 б.т.) болып табылады.
Бұл жобаның өзектілігі сонда, қазіргі зерттеушілер тозығы жетіп, тұтынудан қалған материалдар қазбасын пайдалана алмауда. Қазір «Туркестанский сборник»-тің бір де бір томы зерттеушілер қолына берілмейді. Сирек кездесетін осы құндылыққа деген қызығушылықтың өсуімен бірге ондағы кездесетін материалдарға қатысты мәселелердің қатары да кеңеюде.
«Түркістан жинағының» кітап және электронды қазақстандық нұсқасына ие болудың іс жүзіндегі пайдасы сонда, Қазақстан тарихына, оның Орталық Азиядағы кеңестік дәуірге дейінгі орнын анықтауға байланысты материалдар иен оның толық тізіміне ие бола отырып, қазақстандық зерттеушілер дер уақытындағы және анағұрлым сапалы зерттеулер жүргізе алады. Сонымен бірге мемлекеттік қаржыны үнемдеуге де көмектесер еді.
4-томдық «Документы и материалы по истории народно-освободительного движения Кенесары Касымова (1837-1847 гг.)» (120 б.т.) жинағы бойынша зерттеу жүргізу де көзделіп отыр.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Электрондық тарихи кітапхананы» шығару да көзделуде (WEB-сайт, CD и DVD жарияланымдар).
Онда берілетіндер:
– қазақ халқы, Қазақстан және көршілес елдердің тарихы мен аралық пәндерге қатысты ғылыми әдебиеттер. Түркілер мен басқа да халықтардың өзара қатынасы жайлы басылымдар;
– Қазақстан және көрші елдер мен халықтар тарихына қатысты түрік және басқа да жазба деректері;
– биобиблиография; факсимиле, мәтіндік оқу, түркілік және басқа да ескерткіштердің түсіністемесі, глоссарийлері, библиографиясы бар;
– тарихқа қатысты ғылыми-көпшілік әдебиет.
Институт мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының 2006 жылғы І-кезеңінің аяқталуы мен 2007-2009 жж. арналған ІІ – кезеңінің шараларын қарастыруға орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Қазақстан тарихы бойынша барлығы 13 тақырыптық жоба ұсынды. Ұсынылған тақырыптардан басқа қалалар мен аймақтардың тарихына қатысты зерттеулер жүргізу ұсыныстары да бар (мысалы, Алматы қаласына байланысты жобалар).
Сондай-ақ, 6 томдық «Ш.Ш.Уәлихановтың шығармалар жинағын» (қазақ және орыс тілдерінде) жариялауды ұсынамыз. 2010 жылы көрнекті ғалым, ағартушы және қоғамдық қайраткер Ш.Ш.Уәлихановтың туылғанына 175 жыл толады. Мәдениет жөніндегі халықаралық ұйым ЮНЕСКО-ның көмегімен бұл ерекше мәнді оқиғаны табысты өткізуге болады.
Ш.Ш.Уәлихановтың еңбектерінің бірінші және екінші басылымын кезінде Институт шығарған болатын. Олардық тиражы аз болғандықтан қазір сирек кездесетін библиографиялық құндылыққа айналды. Сонымен бірге ғалымның еңбектеріне түсініктеме бере отырып, идеологиялық бағытқа байланысты жинаққа енгізілмеген шығармаларымен толықтырылатын бұл басылымның маңызы зор болып табылады.

 
P.S.
Туындаған мәселелер:

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының 10 томдық «Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы» топтамасын баспаға даярлау тәжірибесі төмендегідей мәселелердің туындағанын көрсетті:
• аударма үшін материалдарды іздеу, жинақтау мерзімі мен сол материалдарды аудару мерзімінің жеткіліксіздігі байқалды.
• мәтіндерді теруге кететін уақыт пен арнайы редакторлардың, сонан соң баспахана редактарларының түзетуге жіберетін уақыты ескерілмеген
• томдарды өндіріске берерде құрастырушылар мен аудармашыларға кейде түзетілген тұтас парақтарды қайтаруға тура келетін арнайы редакторлардың жұмысына жеткілікті мерзім бөлу көзделмеген
• осыған орай, арнайы редакторға түзетулерді енгізуге қосымша уақыт бөлініп, аудармалық қызметпен де айналысып кететін олардың еңбегіне төленетін ақы мөлшерін көтеру керек
• Министрліктің сметасында аударылған томдарды құрастыру мен техникалық жағынан даярлауға және оны баспағаа соңғы даярлауға байланысты қаржыландыру көзделмеген.
• арнайы редакторлар мен баспахана редакторларынаң түзетілерін мәтінге енгізуші және басқа да техникалық талаптарды орындаушы компьютерде терушілердің еңбегіне ақы көрсетілмеген.
• тендерді жариялаған кезде оны әр түрлі қалаларда тұратын баспаханалар жеңіп алғандықтан, орындаушылардың баспаханалармен арадағы жұмысына (байланыс қызметі, іс-сапарлар, Интернет қызметі) қаржы ескерілмеген. Сондай-ақ, мамандардың кітапты шығару кезіндегі соңғы дайындыққа араласа алмауы оның сапасына әсер етеді.
• жобаны жүзеге асыруға республиканың басқа қалаларынан мамандар тартылған, бірақ олардың іс-сапарлық шығындарына қаржы бөлінбеген.
• атқарылған жұмыстардың көлемі жоспарданған көлемнен асып түсті, бұл жинақталған, кейде тіпті аударылған ақпараттар көлемін қысқартуға, тіпті бір бөлігін жоғалтуға әкелді.
• Тәжірибе баспаханалардың кейде кітаптарды өз деңгейінде радакциялауға кепіл бола алмайтындығын көрсетті.
Мәселелер ішіндегі ең бастысы- 2006 ж. тендер жариялаған кезде қаржыландыру көлеміне бірнеше томдарды аударуға қажетті қаржының 70 %-ы енгізілмей қалды. Бұл жобаның орындалмай қалу қаупін туғызды. Алғашқы келісімдерге қарамастан, кітаптардың тиражы көбейтілді, сол себепті баспаханалар аудармаға бөлінген қаржы көлемін қысқартты. Алғашқыда аудармашылар ставка бойынша 25-30 мың теңгеден алса, 2006 ж. аударма ставкасы 15-17 мың тенгеге дейін қысқартылды. Ал, бұл өз кезегінде аударма сапасының төменділігі мен аудару мерзіміне де әсер етті
2008-2010 жж. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты ұсыныстар

1. Мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ, басылымның идеялық ұстанымы көрінетін жобалар тұжырымдамаларын жасау қажет. Жоспарда тұжырымдаманы қалыптастыру мен оны талқылауға уақыт бөлінуі керек.
2. Әрбір бағытқа сай қосымша орындаушылар басшысының мәтребесін айқындап алу керек. Олай болмайынша ҚР БҒМ бөлімшелерінің арасында аударма үшін шығармаларды таңдауда келіспеушіліктер туындауы мүмкін.
3. Жұмыстар графигін құрастыру кезінде жұмысты орындау алгоритмінің айқын болмауы, жоба бөлімдеріне жауаптылардың, ақы төлеудің анық болмауы «Негізгі тапсырушы» (Министрлік), «Подрядчик» (Баспахана) және«Субподрядчик» (Институттар, зерттеушілер) қызметіндегі қайшылықтардың туындауына әкеледі.
4. Басып шығару тендеріне баспаханалардың да (Подрядчик) тікелей орындаушы және өнімді өндірушілердің де (Субподрядчик) қатысқаны жөн.
Қажетті айқындықтың болмауына орай тікелей орындаушы баспаханадан немесе соңғы инстанциядан құрастырушылардың, аудармашылардың, редакторлардың жұмысына дер уақытында ақы төлеуді сұрап, әрдайым және бірнеше қайтара өтінуге тура келді
5. Жобаны қаржыландырудың ең тиімді әдісі тендерді өткізу және оның нәтижелерін жариялау кезінде-ақ негізгі тапсырыс беруші шығыстардың баптары мен оған сәйкес келетін ақы мөлшерін баспаханаға бөлінетін мөлшер мен оны орындауға кететін мөлшерге бөліп, нақтылап алғаны жөн. Алғашқысын тікелей баспаханаға жіберіп, екіншісін – жобадағы зерттеу мекемелері мен шығармашылық топтарға беру керек.
6. Отандық және шетелдік авторлардың шығармаларын жариялаған басылымдар мен аудармаларға деген авторлық құқық мәселесі ерекше алаңдатады. Әсіресе, шетелдік авторлар мен соруrightа –баспа иелерінің, сондай-ақ бағдарламаны орындаушылардың авторлық құқығы мәселесі осы күнге дейін шешілмей, ашық қалып отыр.
7. Шет елдерден материалдарды іздеп табу және көшіру механизмі анықталған жоқ. 2004-2006 жж. біз жұмыс істеген жағдай оған бөлінген қаржы мен шетелдіктердің сұраған ақы мөлшері арасында алшақтық бар екенін көрсетті. Одан бөлек, шетелдерден, әсіресе бұл процеске саяси жүйесі әсер ететін елдерден табылған материалдарды шығару механизмі де нақтыланбаған.

8. Біліктіліктің жетіспеуіне және аудармашылардың жоқтығына байланысты екі түрлі аударма жасауға (шетел тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне) және қос –қостап редакциялауға тура келді (әдеби және ғылыми саласына байланысты).
9. Сметаны жасағанда зерттеу және шығармашылық топтар үшін төмендегі жұмыстар мен міндетті еңбек ақыны ескеру керек:
– аударма үшін материалдардың алғашқы нұсқаларын жасау ;
– томдарды аудару;
– 10 томды құрастыруды ғылыми редакциялау;
– 10 томды ғылыми сараптамадан өткізу;
– іс-сапарлар шығыны;
– том аудармаларын арнайы редакциялау;
– томдардың аудармаларын жинау және құрастыру;
– мәтіндерді компьютерде теру
– қосымша бағасына қойылатын салық;
– банк қызметтері;
– байланыс қызметтері;
– кеңсе тауарларын алу;
– табыс салығы;
– кәсіподақ жарнасы.
10. «Мәдени мұра» бағдарламасы оны жүзеге асыру анық нақтыланған механизмге негізделуі керек. Ең алдымен, бұл жазба ескерткіштері мен құнды шығармаларды таңдап, жүйелеуде, сондай-ақ, олардың қазақ және орыс тілдеріне сапалы түрде берілуінде көрінеді. Бұл жерде сарапшыларды, жоғары біліктілікті аудармашылар мен редакторларды іріктеп алу мәселесі туады. Аударма үшін, түсініктемелер мен анықтамалар үшін бірнеше лингвистикалық өңдеу қажет. Ол үшін уақыт пен нарық талбына сай келетін материалдық-техникалық база керек.
11. Қызметтерді ақпараттар және бағдарламалармен лайықты қамтамасыз ету мәселесі де маңызды. Себебі, ескі орыс тілінен аудармалар даяр болған кезде компьютермен жұмыс істейтін мамандардың жоқтығы да кері әсерін тигізді. Оларды пайдалану мен оларға ақы төлеу мәселесі де қарастьырылмаған.

 

Директор
саяси ғылымдарының докторы
профессор К.Н. Бұрханов

Фотоархив

Увеличить картинку