Қазіргі ұлттық тарихи мектептерге өткеннің қүрделі мұрасы қалдырылды. Адамзаттың өткен тарихының бір астауынан сусынданатын мемлекет саясатын талдау барысында, оны зерттеуде, күні кешеге дейін екі басты бүркітті империяның билігінде бірнеше ғасыр болып, сондай саясатқа жағатын жақтарды қарастырғанымызды ешқандай жасыруға болмайтын жағдай. Содан кейін, біз бес жұлдызды большевиктердің идеялық ойларын іске асыруға мәжбүр болдық. Сол саясат бізді бірде ұлыдержавалық, бірде таптық-партиялық тарихнаманың ұстанымын насихаттауға итермеледі. Ұлы Отан соғысынан кейін, бұл екі ұстанымды біріктіруге тырысқан кезең туды. «Горбачевтік қайта құру» саясаты «ұлттық тарихнамалық пәтерлерге» тарауымызға әкеліп соғып, осы халде жиырма жылға жуық тәуелсіздік пен егемендік өмірдің алғашқы жақсылықтары мен қиындықтарын бастан кешудеміз.
Толығырақ