Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақтөбеге іс-сапар


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ЖҒҚ т.ғ.к. А.Т. Қайпбаева мен ҒҚ З.Б. Байжуманова мемлекеттік тапсырма бойынша «Қазақстан халқы «интерактивті ғылыми тарихи картасын «аналитикалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» атты ғылыми жоба аясында Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы ММ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ағниязов Нұрхан Сабыржанұлымен кездесті.

Кездесу барысында «Этномәдени қоғамдық бірлестіктермен жұмыс және мәдени көпшілік шараларды ұйымдастыру» бөлімінің сарапшысы Нұрғалиева Жанар Қойшыбекқызы 17 этномәдени бірлестіктің жұмысымен таныстырды.

Сарапшы Жанар Қойшыбекқызы мекеменің қызметіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету, этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарға Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттерін іске асыруға бағытталған жұмыста қолдау көрсетуді ұйымдастырудың мәні мен ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту, қоғамдық-бұқаралық, ғылыми-сараптамалық, ақпараттық жұмыс жүргізу сынды мақсаттарына тоқталып өтті. Сонымен бірге 17 этномәдени бірлестіктіктің төрағаларымен кездесу өткізіп, сұхбат алу шараларының кестесі жасалды.

Мекемеде «Қоғамдық келісім кеңесі», «Аналар кеңесі», «ҚХА ақсақалдар кеңесі» және «Жастар қанаты» белсенді жұмыс атқаратындығын да жеткізді.