2020 жылы 14 қазанда Ш.Ш. Уәлиханов ат. тарих және этнология институты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ бірге «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жүзеге асырырылуы контекстінде «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының» тұсаукесерін өткізеді.
Тұсаукесерде Ш.Ш. Уәлиханов ат. тарих және этнология институтында География институтымен және ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтымен бірлесіп дайындалған Интерактивті ғылыми тарихи карта таныстырылады. Карта 2017 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы ассамблеясының ХХV сессиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың берген тапсырмасы бойынша дайындалды. Картаның мақсаты – ежелден келе жатқан қазақ жеріндегі барлық ұлттардың ұйысу үдерісін қазақ ұлтының ерекше мемлекетті ұйыстырушы миссиясын толық дәл көрсету. Ғылыми карта үш тілде орындалған және ежелгі дүниеден қазірге дейін Қазақстанның полиэтностық халқының қалыптасуы туралы ауқымды материалдан тұрады, қазақ халқымен бейбітшілк пен келісімде өмір сүріп жатқан 60 аса этностық топ өкілдері туралы, архив және статистикалық мәліметтер негізіндегі астана тарихы туралы құнды ақпарат береді.
Іс-шараға қатысуға Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени орталықтарының өкілдері, сондай-ақ, ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, жас көшбасшылар, бұқара халық, БАҚ өкілдері шақырылады.
Іс-шараны өткізу тілі: қазақ, орыс.
Өту орны: 010008 Нұр-Сұлтан қ., Б. Момышұлы даңғылы, 24/9, Достық үйі.
Тұсаукесердің басталуы – 11.00.
Байланыс телефондары: +7(727) 261-67-19, 261-01-33. E-mail: kazhistory@bk.ru
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті