Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві 2020 жылдың 23 қазанында сағ. 11.00-де «Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина XVIII – первая треть XIX вв.» (құрастырушылар: К.Ш. Хафизова, В.А. Моисеев) архивтік құжаттар жинағының тұсаукесерін өткізеді. Жинақ Қазақстанның халықаралық қатынастар бойынша кеңесінің қолдауымен қайта басылды. Іс-шара Zoom платформасында онлайн режимінде өтеді (конференция идентификаторы: 885 7450 7369, пароль: 448269).
Жинаққа қытай, түрік және орыс тілінен алынған қазақ билеушілерінің Қытайлық Цинмен XVIII – XIX ғ. 30-шы жылдары арасындағы қарым-қатынасы тарихы бойынша құжаттар енген. Бұл құжаттарда далалықтардың Цин империясымен алғашқы байланыстарынан бастап Қазақстанның Ресей құрамына енуіне дейінгі оқиғалар көрініс тапқан. Құжаттардың түпнұсқалары алғаш рет «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген құпиялығымен 1989 жылы аздаған тиражбен жарық көрген еді. Екінші қайта өңделген басылым бойынша К.Ш. Хафизова және институт ғалымдары үлкен жұмыстар атқарды. Қайта басылып, толықтырылған, сирек кездесетін бірегей құжаттар жинағы Орталық Азия халықтары мен мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын ғалым мамандардың, сондай-ақ қалың жұртшылықтың да қызығушылығын тудыратынына сенімдіміз. Тұсаукесерге мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, докторанттар мен магистранттарды қатысуға шақырамыз.
Тұсаукесер жұмысына қатысамын деушілер баяндаманы 2020 ж. 22 қазанына дейін мына мекен-жайға жібере алады: Алматы қаласы, Шевченко к-сі, 28, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2 этаж, 207 бөлме, ғалым хатшы PhD, М.М.Қозыбаеваға е-mail: kazhistory@bk.ru. Байланыстар: тел.: +7(727) 261-67-19, 261-01-33, факс.: +7(727) 261-67-19.
ӨТІНІШ БЕРУ ҮЛГІСІ:
Аты-жөні (толық) _________________________________________________________
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): ___________________________________________
Лауазымы: _______________________________________________________________
Ұйымның толық атауы: ____________________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________________________
Автордың адресі:__________________________________________________________
Факс, е-mail ______________________________________________________________
Баяндаманың тақырыбы:___________________________________________________
Өткізу жері: 050100 г. Алматы қаласы, Шевченко к-сі, «Ғылым ордасы», Ш.Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, 3-ші қабат, ОҒК конференц-залы.
Тұсаукесердің басталуы – сағат 11:00, қатысушыларды тіркеу – сағат 10:30.
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті