Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің қызметі: тарихы мен бүгіні» атты Республикалық дөңгелек үстелдің ақпараттық хаты


ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы 2020 жылдың 22 қазанында сағат 11.00-де Алматы қаласында «Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің қызметі: тарихы мен бүгіні» атты Республикалық дөңгелек үстел өткізеді. https://us02web.zoom.us/j/81929994118?pwd=eEZURmpmVloyM09KZTRBdFR5L1ltQT09

Идентификаторы: 819 2999 4118 Коды: 342510

Тарихи даму ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан полиэтносты, полимәдениетті және поликонфессиялы мемлекет. Ғасырлар бойы қазақтың тарихи жерінде әртүрлі мәдениеттер, діндер мен дәстүрлердің тасымалдаушысы болып табылатын көптеген халықтардың тағдыры тоғысқан. Нәтижесінде қазақтармен бірге 130-ға жуық этнос пен 18 конфессияның өкілдері бейбіт өмір сүріп, 14 республикалық, 42 филиал мен өкілдік және 311 жергілікті ЭМБ өзінің қоғамдық қызметін жүзеге асыратын бірегей жағдай қалыптасты.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстандағы этномәдени бірлестіктер қызметінің перспективаларын тарихи ретроспективалық жағынан қарастыру, қазақстандық бірегейлікті нығайту және жастарды рухани тәрбиелеу үшін үш тілде «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын» өзектендіру және ақпараттық қолдау бойынша зерттеулерді жалғастыру контексінде толеранттылыққа назар аудара отырып, олардың қазіргі кезеңдегі даму мәселелерін талқылау.

Республикалық дөңгелек үстелның жұмыс тілдері – қазақ, орыс.

Республикалық дөңгелек үстелның жұмысына қатысу үшін Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына келесідей материалдарды жіберулеріңізді сұраймыз:

Баяндамаларды бағдарламасына енгізу үшін 2020 жылдың 21 қазанына дейін аты-жөні (толық), ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, ұйымы, байланыс мекен-жайы, баяндаманың атауы көрсетілген өтінімді және баяндама тезисін жіберу қажет.

Республикалық дөңгелек үстелдың қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда. Баяндама тезистері 2020 жылдың 21 қазанына дейін қабылданады.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар: Көлемі 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек. Мәтін шрифті «Times New Roman» – 14. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 15 мм. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның атауы, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер тік жақшамен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы, [1, 17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Ұйымдастыру комитеті тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Өтінімдер мен материалдар электронды нұсқада e-mail арқылы жіберіледі: kazhistory@bk.ru  aknura_n@mail.ru

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010 Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, 205 каб. ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТжЭИ.

Моб. тел.: + 77073712269, жұмыс телефоны: 272-44-59.

«Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің қызметі: тарихы мен бүгіні» атты Республикалық дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз!


Құрметпен ұйымдастырушы
комитет