Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстанның Ұлы жеңіске қосқан үлесі және Ақай Нүсіпбеков мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты


2020 жылдың 26 қарашасында ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Ақай Нүсіпбекұлы Нүсіпбековті еске алуға арналған жыл сайынғы дәстүрлі «VІІІ Нүсіпбеков оқуларының» аясында Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Қазақстанның Ұлы жеңіске қосқан үлесі және Ақай Нүсіпбеков мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңісінің 75 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияны Академик А. Нүсіпбеков оқулары аясында ұйымдастырып отыруымыздың өзіндік себебі бар. А. Нүсіпбеков 1942 ж. мамырда Алматыдан даңқты генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық атқыштар дивизиясын толықтыруға арнайы жіберілген бір топ қазақ жауынгерлерінің қатарында майдан шебіне аттанды. Соғыстың аяғына дейін ұрыстарға қатысқан А. Нүсіпбеков аға лейтенант, миномет батареясының саяси жетекшісі қызметінен дивизия саяси бөлімінің аға нұсқаушысы дәрежесіне дейін жетіп, майдан жолын 1946 жылы майор шенінде аяқтады. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында кіші ғылыми қызметкер лауазымынан бастап Институт директоры (1956-1982), академик, Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті (1968-1976) дәрежесіне дейін көтерілген А.Нүсіпбеков Қазақстан тарих ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосты және Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеудің басында тұрды.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • · Академик Ақай Нүсіпбеков және Қазақстандағы екінші дүниежүзілік соғыс тарихы тақырыбын зерттеу мәселелері;
  • · Академик Ақай Нүсіпбеков – Ұлы Отан соғысы тарихын зерттеудің негізін қалаушы;
  • · Соғыс қарсаңындағы Кеңес Одағы және Қазақстан: соғыс алдындағы жағдай.
  • · Жалпыға бірдей әскери жұмылдыру және Қазақстан территориясында әскери құрамалардың жасақталуы.
  • · Қазақстанның ұлттық әскери құрамалары: жасақталу тарихы және жауынгерлік жолы.
  • · Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: республиканың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері.
  • · Эвакуация: көшірілген өнеркәсіп орындары мен оқу орындарын қабылдау және орналастыру.
  • · Қазақстан – майдан арсеналы: Қазақстан аумағындағы қорғаныс өнеркәсіп орындары.
  • · Қазақстан халқының соғыс жылдарындағы майданға көмегі.
  • · 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі.
  • · Партизан жасақтары мен Қарсыласу қозғалысындағы қазақстандықтар.
  • · Қазақстандық соғыс тұтқындарының тағдыры және оларды ақтау мәселелері.
  • · Еңбек армиясы құрамындағы қазақтар.
  • · Қазақстан әйелдерінің Жеңіске қосқан үлесі.
  • · Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан: мәселенің тарихнамасы.
  • · Соғыс батырлары мен құрбандарын мәңгі есте қалдыру.
  • · Музейлердің Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтаудағы рөлі.
  • · Соғыс туралы тарихи аңыздар және Қазақстандағы тарихи жад саясаты.
  • · Соғыс тарихы жөніндегі жаңа архив деректері мен құжаттары.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс.

Конференция жұмысына қатысу үшін төмендегі форма бойынша өтінім мен баяндама мәтінін жіберуді сұраймыз

 

Конференцияға қатысу үшін өтінім үлгісі:

Аты-жөні (толық):   ____________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы, академиялық дәрежесі): ___________________________

Лауазымы  (Оқуы): _____________________________________________________________

Мекеменің толық атауы (оқу орны): _______________________________________________

Байланыс телефондары: _________________________________________________________

E-mail _________________________________________________________________________

Баяндама/ мақала тақырыбы: ______________________________________________________

Қатысуға өтінім 2020 жылдың 20 қарашасына дейін s.shildebai@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.

Конференция қорытындысы бойынша конференция мақалаларының жинағын шығару жоспарлануда. Мақалаларды 2020 жылдың 20 қарашасына дейін s.shildebai@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар: Көлемі 2 мың сөзден кем емес және 5 мың сөзден аспайтын мақала мәтіні. Мақаланың жоғары оң жақ бұрышында автордың аты-жөні көрсетіледі, бір интервалдан кейін оның аффилиациясы (жұмыс немесе оқу орны көрсетіледі), қаласы мен электронды поштасы, бір интервалдан кейін жол ортасына бас әріппен мақала тақырыбы жазылады. Содан кейін, бір интервал арқылы қысқаша аңдатпа (100 сөзден кем емес) және кілт сөздер (5-тен көп емес) беріледі. Мәтін түзу – ені бойына, сөз  тасымалы қажет емес. Мәтін 1 интервал арқылы 12-өлшеммен теріледі, шрифт Times New Roman, мақала соңындағы әдебиеттер тізіміне (әдебиет тізімі әліпбилік тәртіппен беріледі, нүктесіз нөмірленеді) сілтеме мәтін ішінде тік жақшамен пайдаланылған бетін көрсету арқылы (мысалы, [1, 17-б.]).беріледі. Парақтың барлық шектері – 2 см. MS WORD редакторымен орындалған *.doc және *.rtf форматындағы жұмыстар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек. Суреттер жақсы сапада мәтіннің ішінде тиісті бөлігінде беріліп, оған қысқаша түсініктеме берілуі шарт.

 Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қайтару құқығына ие.

Анықтаманы және қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (727) 272-46-55 (Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімі), сондай-ақ +7 (701) 765-27-06 (Whatsapp) – Шілдебай Сәбит Камытбекұлы, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі.

 Конференцияның өтетін орны: Алматы қ., Шевченко көш., 28, Ғылым Ордасы, Орталық Ғылыми кітапхананың конференц-залы. Басталуы сағат 11:00.

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті