2010 жылы қазақтың көрнекті демократ ғалымы және ағартушысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 175 жыл толып отыр. Ш.Ш. Уәлиханов – тарихшы, этнограф, географ әрі табиғат зерттеушісі, саяхаткер әрі дипломат, қоғам қайраткері әрі публицист – ХІХ ғасырдың жарқын ағартушысы ретінде қазақ халқының өміріне өшпес із қалдырды.
Бір жарым ғасыр бойы қазақ халқының аса көрнекті ұлының тұлғасы, өмірі және шығармашылық жолы Қазақстанның да, сонымен қатар шет елдердің де ғылыми қауымның назарын өзіне аударып келеді. Орыстың атақты шығыстанушысы Н.И. Веселовский Ш.Ш. Уәлихановты ғылымдағы аққан жұлдызбен салыстырды. Ш.Ш. Уәлихановтың еңбектері көптеген елдердің ғылыми қауымының назарын өзіне адарып келді, әлі де аударып келеді. 1865 жылдың өзінде-ақ ғалымның мақалалары ағылшын, француз және неміс тілдерінде жарық көрген болатын. Ғалымның шығармашылық мұрасымен әлі күнге дейін Орталық Азияның жетекші шығыстанушылары мен ғалымдары сусындап келеді, ал оның ой-пікірлері Қазақстан мен өзге де елдердің ғалымдары үшін басты бағдарға айналды. Бүгінгі таңда Ш.Ш. Уәлихановтың библиографиясы ғылыми, публицистикалық және эсселік сипаттағы 2 000-нан астам еңбектен тұрады. Оның таланты мен өзіндік ерекшелігін айқын көрсететін көркемдік шығармалары Ш.Ш. Уәлихановты еуропалық стильдегі алғашқы қазақ реалист-суретшісі ретінде танытты.
2010 жылдың 5 қарашада ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Алматы облыстық әкімшілігі көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 175 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов және ХХІ ғасырдағы гуманитарлық ғылым» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция жұмысына отандық және шетелдік ғалымдар қатысады.
Өткізілетін орны – Алматы облысы, «Алтынемел» Ш.Ш. Уәлихановтың мемориалдық кешені.
Конференцияның мақсаты – ғылыми және зиялы қауымды ғалымның шығармашылық мұрасын зерттеу мәселелерімен таныстыру, Ш.Ш. Уәлихановтың сан қырлы шығармаларын жан-жақты талдау және баға беру.
Конференцияның міндеттері – қазіргі кезеңдегі гуманитарлық ғылымдардың даму проблемалары және ондағы Ш.Ш. Уәлихановтың ғылыми мұрасының рөлін талдау. ХХІ ғасырдың ғылыми әлеміне Ш.Ш. Уәлихановтың таланты мен зерттеушілік қызығушылығының сан қырлылығын кеңінен таныту. Халықаралық зерттеулер тұрғысынан ғалымның шығармашылық мұрасы туралы жаңа түсініктер қалыптастыру. Қазақстандағы болашағы зор гуманитарлық ғылыми білімдер туралы шетелдік ғалымдармен пікір алмасу.
Ш.Ш. Уәлиханов творчествосының негізгі мәселелері:
Тарих, шығыстану, этнография
Философия және саясаттану
Тіл, әдебиет, фольклор
Ш.Ш. Уәлихановтың шығармашылық мұрасы білім беру жүйесінде
Ш.Ш. Уәлиханов мұраларындағы тарихи құқық мәселелері
Ш.Ш. Уәлиханов және жаратылыстану
Конференция жұмысының тілі – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысуға өтініш ( Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты) 2010 ж. 20 қазанға дейін қабылданады. Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасы: kazhistory@bk.ru erimbet__99@mail.ru жұм.тел.: 8(727) 261-67-19, 261-16-35.
Жол және тұратын жердің шығыны конференцияға қатысушылар есебінен.
Баяндамаларды рәсімдеу үлгісі
• Мәтін тілі – қазақ, орыс, ағылшын.
• Баяндама көлемі – 5-8 бет.
• Беттің параметрлері Word 97-2003, файлдың аты мақала авторының тегімен сәйкес болуы тиіс. Жиегі: жоғары және төменгі – 2 см; сол – 3; оң – 1,5.
• Бағдары – кітаптық; шрифт – Times New Roman.
• Кегль – 14; азат жол – 1,25 см.
• Жолдар аралығы – 1 интервал; ені бойынша түзулеу керек.
• Баяндаманың тақырыбы беттің ортасына бас әріптермен жазылады, тақырыптың соңына нүкте қойылмайды.
• Тақырыптың үстіне беттің оң жағында автордың тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі/атағы, жақшаның ішінде қаласы көрсетіледі, тақырып мәтіннен «бос жолмен» бөлінеді.
• Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында беріледі (кегль 12) және еңбектердің көрсетілу тәртібі бойынша құрастырылады. Әдебиеттерге сілтемелер мәтін ішінде тік жақшамен, әдебиеттер тізіміндегі еңбектің нөміріне сәйкес нөмір түрінде рәсімделеді. Цитата қолдану кезінде міндетті түрде қай беттен алынғанын көрсету керек, мысалы: [1, 200-б.].
• Талапқа сәйкес рәсімделмеген, ұйымдастыру комитетіне мерзімінен кеш берілген мақалалар ғылыми жинаққа енгізілмейді. Мақала мазмұнына автор жауап береді. Конференцияны ұйымдастыру комитеті конференцияға материалдарды таңдау құқын өздеріне қалдырады.
Ұйымдастыру комитеті