Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75-жылдығына арналған атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференцияның ақпараттық хаты


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2020 жылғы 22 желтоқсан сағат 11:00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75-жылдығына арналған «Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізеді.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты – Қазақстан Республикасының тарих ғылымының жетекші ғылыми-зерттеу орталығы. Қазақстанда академиялық желіні құрудың бастауы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы құрылған 1932 жылдан басталатыны белгілі. Оның құрамында 1933 жылы тарих, археология, әдебиет және фольклор, тіл құрылысы, бейнелеу және музыкалық-хореографиялық өнерді зерттеумен айналысатын Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институты құрылды. Осы институттың тарихи-археологиялық секторы 1936 жылы қазақстандық базаның Тарихи секторын, содан кейін КСРО ҒА-ның Қазақ филиалын (1938 жылдан бастап) құруға негіз болды, 1941 жылы КСРО ҒА-ның құрамында Тіл, әдебиет және тарих институты ұйымдастырылды, оның бастауында Н.Т. Сауранбаев (институттың бірінші директоры), А.Х. Марғұлан, С. Аманжолов және басқалары сияқты қазақ ғалымдары тұрды.

Ш.Ш. Уәлиханов атын Тарих және этнология институты КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы штаттық комиссияның 1944 жылғы 6 желтоқсандағы № 689 шешімі, КСРО ҒА Қазфилиалы Президиумының 1945 жылғы 14 тамыздағы № 20 “Тіл, әдебиет және тарих институтының құрамынан дербес институттарды: Тарих, археология және этнография институтын және Тіл және әдебиет институтын бөліп шығару туралы” Қаулысы негізінде құрылды. 1961 жылдың қаңтар айында институтқа белгілі тарихшы-ғалым, этнограф Ш.Ш. Уәлихановтың есімі берілді. ҚазКСР ҒА Президиумының 1991 жылғы 12 қыркүйектегі № 73 қаулысымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып атауы өзгертілді.

Республикада әр жылдары тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалымдар ерекше орын алады. КСРО ҒА Қазақ филиалының, одан кейінгі ҚазССР ҒА тарих, археология және этнография институтының ғалымдары: Е.Б. Бекмаханов, С.В. Юшков, С.Н. Покровский, А.Н. Нүсіпбеков, Ф.В. Шахматов, Н.Г. Аполлова, Г.Ф. Дахшлейгер, Б.С. Сүлейменов, Е.Д. Ділмұхамедов, А.С. Елагин, Б.А. Төлепбаев, М.К. Қозыбаев, К.Н. Нұрпейіс, М.Х. Асылбеков, П.С. Белан және т. б. көпжылдық жұмыстардың нәтижесінде бір томдық (1943), “Қазақ КСР тарихы” екі томдық (1 т. – 1957) жарық көрді; 2 т. – 1959). Сонымен қатар ” Қазақ КСР тарихы. Социализм дәуірі”.

Қазақстанда академиялық этнографияның пайда болуы 1940 жылдың басында және 1950 жылдардың екінші жартысында басталады. Алғашқы жылдары этнография бөлімінде шығыстанушы ғалым Нығмет Сәбитов бастаған 4 қызметкер жұмыс істеді. 1950 жылдары мәскеулік және ленинградтық ғалымдардың жетекшілігімен Қазақстанның кәсіби этнографтары кандидаттық диссертацияларын қорғауға кірісті: И.В. Захарова, Г. Уалиханов, В.В. Востров, Р.Д. Ходжаева. Осы кезеңде қазақ этнографиясының тобына жас, жігерлі зерттеушілер, атап айтқанда Х.Арғынбаев, Е. Масанов, М. Мұқанов, О. Смағұлов келді.

1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуымен республикадағы археологиялық жұмыстардың көпшілігін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты жүргізе бастады. Археология бөлімі құрылып, оның бірінші басшысы Ә.Х. Марғұлан болды. Археология бөліміне Е.И.Агеева, Г.И. Пацевич, А.Г.. Максимова, кейінірек Г.В. Кушаев, А. М. Оразбаев, М. К. Қадырбаев қабылданып, белсенді жұмысқа қосылды.

1991 ж. Қаз ССР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археологиялық орталығы базасында Археология институты құрылып, оған көрнекті ғалым археолог, тарихшы, этнограф, шығыстанушы, филолог, академик Ә.Х. Марғұланның есімі берілді.

Тарих, археология және этнография институтының маңызды бағыттарының бірі деректану және шығыстану болды. Шығыс қолжазбаларын аударуға С.К. Ибрагимов, В.П. Юдин, Н.Н. Мингулов, Ю.А. Зуев, Т.И. Сұлтанов, К.А. Пищулина үлкен үлес қосты, олар ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы бойынша араб, парсы, қытай, түркі тілдеріндегі  кең шеңбердегі дереккөздерді аударуды жүзеге асырды.

ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі бағыттарда жүзеге асырылды: тарихи, этноантропологиялық, тарихнамалық және деректанулық бағыт. Барлық зерттеулер иновациялық әдістерді қолдану арқылы кешенді дереккөзтанушылық негізде жүргізілді. Бұл жылдары тарихи сананы қалыптастыруға, жалпы әлемдік тарихи процесті қайта қарастыруға негіз болған еңбектер жарық көрді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап институттағы іргелі зерттеулер «тарихтың ақтаңдақтарын» анықтауға бағытталды. Тарихшылар «құпия құжаттарды» құпиясыздандыру және революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдегі республика тарихының проблемалары бойынша көп жұмыс жасады. Институт ғалымдары 1991-1999 жж. «История Казахстана: белые пятна», бір томдық «История Казахстана с древнейших времен до наших дней» сынды кітаптарды шығарды. Жүргізілген зерттеулер келесідей нәтижелер берді: М.К. Козыбаев «История и современность» (А., 1991); Ж.Б. Абылхожин, К.С. Алдажуманов «Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства» (А, 1992); М.К.Козыбаев «Тарих зердесі», 2- томдық (А, 1998); К.С. Алдажуманов және басқалар «Насильственная коллективизация и голод в Казахстане» (1931-1933), (А, 1998); «Книга скорби – Азалы кітап». 1-2-шығ. (А., 1997-1998) Қазақстан Республикасының 8 облысы бойынша; К.С. Алдажуманов және басқалар «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы» (А, 1998); «Гонимые голодом. Сборник документов о судьбе казахов, бежавших в Сибирь в начале 30-х гг.» (Омск, 1998) және басқалары. Институттың көпжылдық зерттеулерінде жаңа іргелі академиялық басылым 5-томдық «Қазақстан тарихы» (1996-1998; 2010) ерекше орын алады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

–                          тарих, тарихнама, деректану және әдістеме;

–                          Қазақстан тарихының теориялық-әдіснамалық мәселелері;

–                          этнография, археология және мұражай;

–                          Ұлы дала мемлекеттілігінің тарихы және оның сабақтастығы;

–                          тәуелсіздік жағдайындағы тарихи ғылымның жай-күйі мен даму перспективалары;

–                          Қазақстан тарихының шешілмеген мәселелері мен «ақтаңдақтары»;

–                          Көрнекті тарихшы ғалым және этнограф Ш. Ш. Уәлихановтың мұрасы;

–                          Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды дамытуға қосқан үлесі, оның Қазақстан тарихының ұлттық тұжырымдамасындағы рөлі мен орны.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның өткізілу уақыты: 2020 жылғы 22 желтоқсан, сағат11:00.

Жұмыс форматы: Zoom базасындағы конференция (идентификаторы: 860 9483 8999, паролі: 780604).

Конференцияға қатысуға өтінімдер қыбылданады: 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін электрондық түрде «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТЭИ 75 жыл» белгісімен, e-mail: koz.mahabbat_85@mail.ru, kazhistory@bk.ru.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75 жылдығына арналған конференция жинағына мақалаларды қабылдау 2020 жылғы18 желтоқсанға дейін жалғасады.

Материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі – 10-12 беттен артық емес, Microsoft Word редакторында; шрифті Times New Roman, кегль 12; жоларалық интервал – бір; абзац – 1 см, абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады; өрістер: жоғарғы және төменгі – 2, сол – 3, оң – 1,5; автордың аты-жөні, жұмыс орны (ұйым атауы) – оң жақ бұрышта; баяндаманың атауы бас әріптермен төменде қала, ел орталық бойынша орналастырылады. Ғылыми дереккөздерге сілтемелер төртбұрышты жақшада реттік нөмірмен көрсетілуі керек (мысалы, [1, 65-б.]), ескертілуіне қарай, мақала мәтінінің соңында орналастырылған пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, ҚР БжҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, М.М. Козыбаева (8777-367-80-83 – ватсап), сыртқы байланыстар, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі – М.Ч. Калыбекова (8701-2993-30-41).

 ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

 

Аты-жөні толығымен
Жұмыс орны, лауазымы
Ғылыми дәрежесі және атағы
Байланыс адресі мен телефоны
e-mail:
Бағыты
Баяндама тақырыбы

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті