Айтматов Чингиз Турекулович (1928 – 2008 гг.)

Көрнекті кеңес жазушысы, прозашы, сценарист, дипломат, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғыз КСР-нің халық жазушысы, Қырғыз Республикасының Батыры, Қырғыз КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері, Ленин және КСРО-ның үш Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Посткеңестік кеңістікте шығармалары әлемнің 72 тіліне аударылған жалғыз жазушы.

Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғыз КСР, Талас кантоны, Шекер ауылында дүниеге келген. Әкесі – Төреқұл Айтматов Қырғызстанның көрнекті мемлекет қайраткері. Ол негізсіз қуғын-сүргінге ұшырап, Сталиндік зынданда қайтыс болған. Анасы балаларымен Мәскеуден Қырғызстанға кетіп, өзін және балаларын лагерьден құтқарып қалды. Айтматов Жамбыл облысы Луговой кентінде зооветеринарлық техникумды бітірген. 1956-1958 жылдары – Мәскеудегі Жоғары әдеби курстардың тыңдаушысы. 1959-1960 жылдары – «Әдеби Қырғызстан» журналының редакторы, 1960-1965 жылдары – «Правда» газетінің меншікті тілшісі. Бішкек пен Мәскеудің түрлі журналдарында жұмыс істеген. 1991 жылы Қырғызстанның Бельгиядағы елшісі болып тағайындалды.

Жас Шыңғыс Айтматов өзінің алғашқы әңгімесі «Газетші Дзюйоны» 1952 жылы жариялады. Мұхтар Әуезов пен француз жазушысы Луи Арагон жоғары баға берген «Жәмилә» повесі (1958 ж.) Айтматовқа танымалдылық әкелді. Әңгімеде автор маңызды моральдық, философиялық және әлеуметтік мәселелерді көтерді. Сондай-ақ шығармада қазақ және қырғыз халқының достық идеялары тереңінен қозғалды. Қысқа мерзім ішінде Шыңғыс Айтматовтың повестері әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Айтматов «Тау мен дала хикаялары» жинағы үшін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды. Ол үш рет КСРО Мемлекеттік сыйлығын иеленді. «Қош бол, Гүлсары», «Ерте келген тырналар», «Боранды бекет» және «Ақ кеме» повестері авторды бүкіл әлемге танымал етті. «Ана – Жер-Ана» повесінде жазушы соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарынан өткен, рухы мықты әйел – Толғанайдың бейнесін сипаттады. «Ана – Жер-Ана» спектаклі алғаш рет Алматыда М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Ш. Айтматовтың көптеген шығармаларында Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының тағдыры бір-бірімен тығыз байланыстырылған. Жазушы былай деп есіне алады: «Әлі есімде, «Жәмилә» енді ғана жарық көрген кезі, Әуезовтың «Литературная газетаға» шағын, бірақ айрықша жылылыққа толы мақаласы жарияланды. Бұл Ұлы прозашының батасы еді… Артынша одақтық баспада менің «Ботакөз» деген әңгімем басып шығарылды. Сол-ақ екен Алматыдан Әуезовтің жеделхаты келді: «Шыңғыс, сенің шығармаңды оқыдым. Өте қатты ұнады. Сен үшін қуаныштымын. Осы қалпыңнан тайма». Бұл жеделхатты мен әлі күнге дейін өз архивімде сақтап келемін». Қазақ драматургі Қалтай Мұхамеджановпен бірге Ш. Айтматов Қазақстанның мәдени өмірінде елеулі құбылысқа айналған «Фудзиямаға шығу» драмасын жазды. Бұл драмада жазушы зиялы қауымның қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселелеріне назар аударады, менмендік, мәдениетсіздік және ессіздік кеселдерін ашады. «Жан пида» (1986 ж.) және «Кассандра таңбасы» (1994 ж.) романдарында автор қазіргі заманның ең өткір мәселелерін, атап айтқанда, ядролық және планетарлық қауіпсіздік, әлемнің тағдырын сақтау мәселелерін көтереді. Мұхтар Шахановпен бірге Шыңғыс Айтматов «Құз басындағы аңшының зары» атты туындысын жазды, онда заманауи адамгершілікті ғана емес, экологиялық проблемаларды да көтерді. Шыңғыс Төреқұлұлының прозасы тарих, әлеуметтік психология, этнопсихология туралы білімді барынша үйлестіреді. Айтматов шығармаларының негізгі тақырыптары көп, бірақ оларды ортақ жаһандық тақырып біріктіреді – ол махаббат! Барлық шығармалары адамға деген сүйіспеншілікке толы. Басты тақырыптың тағы бірі – адамның табиғатқа қатысы. Үшінші басты тақырып – әділетті қоғам туралы арманы. Тамыр алу тақырыбы әрқашан адамдарды алаңдатады. 2008 жылы Алматыда шыққан «Ғасыр айрығындағы сырласуында» Шыңғыс Айтматов құдды бір сақтандырып тұрғандай: «Өкінішке орай, біздің заманымызда әртүрлі елдерде зорлық-зомбылық әдеті қайта жанданып келеді, өткеннің зұлым тирандары ұлылықтың тұғырына шықты, олардың есімдері ашық түрде дәріптеліп, ұлттық батырлардың биіктігіне көтерілді, олардың құрметіне ескерткіштер мен бүтін бір музейлер тұрғызылды. Бұл өте қауіпті, сыңаржақ үрдіс, сонымен қатар баспа және электронды БАҚ-та кеңінен таралған». «Ана – Жер-Анада» Толғанай Жер-анаға жүгінгенде, ол оған: «Ах, сендер мына жарық дүниеде барлығың да адамсыңдар! Мен – шексізбін, барлығыңа да орын табылады. Не үшін соғысасыңдар?». Ол кезде мұндайды жазу – батыл қадам болып саналды. «Ана – Жер-Анада» көрінетін тағы бір маңызды тақырып – Жерге жоғарыдан қарау. Мен бүгінде Жер бетінде осындай әмбебап көзқарасы бар әлем әдебиетінен басқа ешкімді білмеймін. Ол әрқашан өз кейіпкерлерін ұлттық негізге «қоятын», бірақ олар адамзат аясында ойланатын, өйткені Айтматовтың өзі жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстана білді. «Фудзиямаға шығу» драмасында тап пен жалпыадамзаттықтың арасындағы дау көрсетілген. Ал Айтматов болса соңғысына құмар болды. Айтматовтың шығармашылық мұрасының өзекті тақырыбы – ол әлем әдебиетіне өзі енгізген «мәңгүрт» тұжырымдамасымен байланысты жад тақырыбы. Бастапқы қайнар көзі – «Ғасырдан да ұзақ күн» романы: «Мәңгүрт өзінің кім екенін, ел-жұрты, руының кім екенін, өз атының кім екенін білмес. Балалық шағы, әке-шешесі де мүлде есте қалмас. Бір сөзбен айтқанда, мәңгүрт өзінің адам екенін аңғармас. Өзінің кім екенін білмейтін, сезбейтін мәңгүрттің шаруашылық тұрғыдан келгенде толып жатқан артықшылығы болған. О да бір, тілсіз мақұлық мал да бір,сондықтан ол қауіпсіз де, иесіне шексіз бағынған құлақ кесті құл. Қашып құтылып кету деген ұғым оның ойына мүлде келмес. Қайбір құл иеленушіге болмасын ең қауіптісі – құлдың көтерілісі. Қай құлды алмаңыз, ішінде нағыз бүлікбас бұғып жатады. Мәңгүрттің басқа құлдардан өзгешелігі сол – онда ешқашан бүлік шығару, бағынбау деген сезім оянбас. Ондай пиғылдан ол ада...». Мәңгүрт туралы аңыздың көптеген түсіндірмелері бар. Ауыспалы мағынада «мәңгүрт» сөзі туыстық тамырымен байланысын жоғалтқан, ұмытқан адамға қатысты қолданылады. Бұл термин әлемдік басылымда бекітілген және өзінің ұлттық мәдениетіне немқұрайлы қарайтын әрі ана тілін менсінбейтін лақап ат ретінде Украина, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Башқұртстан, Молдова және т.б. айрықша мәнге ие болды. Негізінде «мәңгүрт» – бұл мәдени геноцид саясатының және физикалық геноцид нәтижелерін шегендеудің нәтижесі. Алайда Айтматовтың ойынша, «мәңгүрттілік» тек ұлттық жадыны жоғалту емес. Ол тұлға туралы, адам туралы, сана, адамгершілік туралы айтқан. Ол өзінің кім екенін білмейтін адам туралы жазды. Дөненбай құсы: «Сен кімсің? Атың кім? Әкең Дөненбай! Бірақ сен кімсің?» деп айқайлайды. Бұл айқай тек ұлттық мәнді білдіріп тұрған жоқ. Бұл қазірдің өзінде жетілген даралық, моральдық өзегі бар, ашық ақыл-ойы мен кең көзқарасы бар тәуелсіз және өзін-өзі қамтамасыз ететін адам туралы мәселе. Ұлттық өмірдің жады уақытқа қарамастан маңызды және тұрақты болмақ. Алайда адамзат тарихындағы көптеген қылмыстар ұлттық ерекшелік, таңдау сезімінен жасалғанын есте ұстаған жөн. Бұл Айтматовқа жат еді! Айтматов өзін ұлы гуманистердің мұрагері санайды. Ол жаһан Адамы болған – әлемдік әдебиетпен және көптеген жылдар бойы Киелі кітаппен айналысқан. Жазушы қазақтардың ауызша халық шығармашылығын және басқа халықтардың аңыздарын асқан шеберлікпен пайдаланады. Мифтер мен ертегілерді пайдалану рухани кеңістікті, уақыт пен ұрпақтың байланысын ашады. Мифология адамды көтереді, өткенді, бүгінді және болашақты иеленуге, өз санаңыз мәңгүрт емес, ерік-жігері бар адам екеніңізді сезінуге мүмкіндік береді. Ш. Айтматов шығармаларының ең жарқын беттері адамдарға деген махаббатқа бағышталған. Бірақ бірқатар кітаптардың ең күйінішті парақтары қуғын-сүргін жылдары жазықсыз сотталған, дарынды тұлға, әкесі – Төреқұл Айтматовқа арналған. Бала кезден көкейіне ұялаған «халық жауы» деген қорлық таңбасы үшін ренішін ұмытса да, бүкіл әлемге әйгілі болған ұлы жазушы жазықсыз зардап шеккен, атылған әкесін ойлап қамығатын. Адамдардың айрықша құрметіне бөленген жазушы осы терең қайғыны өзінің барлық шығармаларында астарлап жеткізген. Айтматов 2008 жылы 10 маусымда Германияның Нюрнберг қаласында қайтыс болды.

Ш. Айтматов көптеген сыйлықтар мен атақтарға, марапаттарға, ордендер мен медальдармен марапатталған, соның ішінде КСРО Ленин және Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, Лениннің 2 ордені, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы, Халықтар Достығы. Қырғыз Республикасы, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Венгрия, Польша, Италия, АҚШ марапаттары. Халықаралық Дж. Неру, Еуропалық әдеби сыйлық, Бавария сыйлығы. Ф. Рюккерта, А. Меня атындағы сыйлық, В. Гюго атындағы Мәдениет сыйлығы, Түркия үкіметінің ең жоғары марапаты.

1. Национальная энциклопедия «Казахстан». 4-т. / Бас ред. Б. Аяған. - Алматы: Главная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2007. – 418-б. 2. Исповедь на исходе века (Плач охотника над пропастью) - Алматы, 2008. – 544-б. – 16-б. 3. Айтматов Чингиз // Большая советская энциклопедия в 30 т. / Бас ред. А. М. Прохоров. — 3-басылым. — М: Советская энциклопедия, 1969—1978. 4. Гачев Г.Д. Чингиз Айтматов: в свете мировой культуры. Фрунзе, 1989. 5. Кто есть, кто в мировой политике / Жауап. ред. Л. П. Кравченко. — М: Политиздат, 1990. —5-б. 6. Исонов А. Психологизм современной прозы: на материале творчества Чингиза Айтматова. А, 1985. 7. Рыскулова Ж. Восприятие творчества Чингиза Айтматова в англоязычных странах. Фрунзе, 1987. 8. Асангулова Р. Каждый день мы подвергаемся испытанию, являемся мы манкуртами или нет… 5.10.2018. https://rus.azattyk.org/a/kyrgyzstan_aitmatov_gutschke/29527251.html

Ұлы Айтматовтың ескерткіштері көзі тірісінде қойылды. 1989 жылы «Айтматов Халықаралық клубы» қауымдастығы құрылып, сыйақы тағайындалды. 1993 жылы Эль-Азык қаласындағы (Түркия) саябаққа Шыңғыс Айтматовтың есімі берілді. 1994 жылы Бішкек қаласында Халықаралық Айтматов Қоғамдық академиясы ұйымдастырылды. 2004 жылы саз балшықтан жасалған ескерткіш-бюст қойылды, авторы – Ибрагим Бәкіров. Көрнекті жазушы қайтыс болғаннан кейін оған арналған ескерткіш қою арта түсті. 2008 жыл Қырғызстанда Шыңғыс Айтматов жылы деп жарияланды. Бішкек, Қазан, Анкара, Баку, Астана, Люксембург, Ташкенттегі көшелер жазушының есімімен аталған. Оның құрметіне Бішкекте, Мәскеуде, Анкарада ескерткіштер орнатылды. 2011 жылы Лондонда Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйақы тағайындалды. 2013 жылы Санкт-Петербургте аты аталмаған жасыл аймаққа Шыңғыс Айтматов атындағы саябақ атауы берілді. 2014 жылы «Аэрофлот» Шыңғыс Айтматовтың құрметіне өзінің жаңа Боинг 737-800 лайнерінің бірін жазушының атымен атады. 2015-2017 жылдары Мәскеуде Шыңғыс Айтматов атындағы саябақтар пайда болды. 2020 жылдың жазында бір жыл бойы мүсінмен жұмыс істеген талантты қырғыз мүсіншісі Тамила Маматованың өз қаражатына жасаған ұлы жазушының 3 метрлік бейне-ескерткіші ғаламторды шарлап кетті. Мүсіннің фотосуреті әлеуметтік желілерді кеңінен жауап алып, заманауи өнер шедеврі деп аталды.