Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Нұр-Сұлтан қаласына жасалған ғылыми іссапар туралы


Инстиуттың жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к., А.Т. Қайыпбаева 06.11.2020 – 20.11.2020 аралығында «ХХ ғ. 20-30 жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі» тақырыбындағы гранттық жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві ҚР ҰА-і мен Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві және ҚР тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасында ғылыми іссапарда болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің қорларынан ХХ ғ. 30-50 жылдарындағы Қазақстан азаматтарының қуғын-сүргіні туралы, алғашқы жоғары білімді қазақтар жайлы, Татарстан Республикасының мемлекеттік архиві, Томск облысы мемлекеттік архиві, Эстония тарихи архиві, Мәскеу Орталық тарихи архиві және т.б. мекемелермен жазысқан жеке істердегі хаттары, ХХ ғ. 20-жылдарында қуғындалған қазақ студенттеріне қатысты құжаттар жинақтады.

Жоба жұмысына қажетті құнды деректік құжаттармен танысып, көптеген маңызды дереккөздердің көшірмесін жасап қайтты.