Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Шымкент қаласына ғылыми іссапар


Институттың кіші ғылыми қызметкері З.Б. Байжуманова 09.11.2020 – 18.11.2020 аралығында «ХХ ғ. 20-30 жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі» тақырыбындағы гранттық жобасы бойынша Түркістан облысы мемлекеттік архивінде археографиялық жұмыстар (анықтау, талдау) жүргізді. (Шымкент қ., А. Байтұрсынов көш. 20 үй).

Түркістан облысы мемлекеттік архив қорларындағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі оқу-ағарту ісі жайлы деректік маңызы бар құжаттармен танысып, бірнеше құжаттардың көшірмесін алды.

Шымкент қаласы мәдениет тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Отырар қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқу-ағарту ісінің тарихын құжаттық негізде танып-білуге арналған кітаптарға тарихнамалық және деректанулық шолу жасап іссапар жұмысын сәтті аяқтады.