Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстанның Ұлы жеңіске қосқан үлесі және Ақай Нүсіпбеков мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті


2020 жылдың 26 қарашасында «Ғылым Ордасының» Орталық Ғылыми кітапханасында көрнекті ғалым, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Нүсіпбеков Ақай Нүсіпбекұлының құрметіне арналған жыл сайынғы дәстүрлі «VІІІ Нүсіпбеков оқуларының» аясында Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Қазақстанның Ұлы жеңіске қосқан үлесі және Ақай Нүсіпбеков мұрасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияны ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырды.

Конференция жұмысына соғыс тарихына маманданған еліміздің жетекші тарихшы-ғалымдары мен білікті сарапшылар қатысты. Олардың ішінде ҚР ҰҒА академиктері, А.Нүсіпбеков атындағы ауыл және мектеп басшылары, академиктің жерлестері мен туыстары, Алматы қаласындағы зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар болғанын атап көрсетеміз.

Іс-шараны институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновтың кіріспе сөзімен ашты. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Ақай Нүсіпбековтың өмірбаянын туралы сөз сөйледі. Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Алдажұманов Қайдар Сейсенбайұлы Қазақстанда әскери-тарихи ғылымның қалыптасуындағы Ақай Нүсіпбековтің үлесі туралы баса айтты. Бұл тақырып екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл толған жылы өзекті болды, онымен осы конференцияны өткізу ерекше маңызды. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының «Дүниежүзі тарихы» бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д., профессор  Көкебаева Гүлжаухар Кәкенқызы Түркістандық соғыс тұтқындары туралы құжаттарды жұртшылыққа таныстырды. Рязань мемлекеттік университетінің Ресей  тарихы кафедрасының аспиранты Ларин Геннадий,  Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қапаева Айжан Токанқызы,  Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қалыбекова Манара Шалтенқызы,  Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Асанова Салтанат Әмірғалиқызы, Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Джунисбаев Алмас Абдиганиұлы, А. Нүсіпбеков атындағы мектеп-гимназия мен мектепке дейінгі шағын орталықтың менеджері Сәрсенбай Болат Жапсарбайұлы өздерінің баяндамаларымен Ақай Нүсіпбековтың Қазақстан тарихында оның атын жаңғыртты. Сонымен қатар «Ерлік Жолымен» ғылыми-зерттеу орталығы қоғамдық қорының жетекшісі Игсатова Дина Зейноллақызы «Женщины Казахстана на войне 1941-1945» атты кітапты таныстыру салтанатын өткізді. Сонымен қатар Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері, жас ғалымдар Закарья Рахметолла мен Зікірбаева Венера «Ақай Нүсіпбеков атындағы стипендия» иелері болды.

     Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы мен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңісінің 75 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияны Академик А. Нүсіпбеков оқулары аясында ұйымдастырып отыруымыздың өзіндік себебі бар. А. Нүсіпбеков 1942 ж. мамырда Алматыдан даңқты генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық атқыштар дивизиясын толықтыруға арнайы жіберілген бір топ қазақ жауынгерлерінің қатарында майдан шебіне аттанды. Соғыстың аяғына дейін ұрыстарға қатысқан А. Нүсіпбеков аға лейтенант, миномет батареясының саяси жетекшісі қызметінен дивизия саяси бөлімінің аға нұсқаушысы дәрежесіне дейін жетіп, майдан жолын 1946 жылы майор шенінде аяқтады. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында кіші ғылыми қызметкер лауазымынан бастап Институт директоры (1956-1982), академик, Қазақ КСР Ғылым академиясының вице-президенті (1968-1976) дәрежесіне дейін көтерілген А.Нүсіпбеков Қазақстан тарих ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосты. А. Нүсіпбеков Қазақстанның тарих ғылымында танымал ғалым-зерттеуші, ғылымды ұйымдастырушы көрнекті қайраткер ретінде белгілі. Ол тек тарих ғылымын ғана емес, сонымен қатар әскери-тарихи ғылымның да негізін қалаушылардың бірі болып, соғыс тарихына қатысты көптеген ғылыми еңбектерді мұра етіп қалдырды.

Конференцияға қатысушылар академик А. Нүсіпбековтың Қазақстанның әскери-тарихи ғылымының қалыптасуындағы ұйымдастырушылық рөлі мен қосқан үлесіне байланысты кең көлемді мәселелерді қарастырып, А. Нүсіпбеков тұлғасы, оның тарих, археология, этнография және мәдениеттану салаларындағы жетекшілік рөлі талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесін көрсететін ғылыми мәселелер мен соғыс тарихының методологиялық өзекті мәселелері талқыға түсті. Конференция жұмысы қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Конференцияға қатысушылар іс-шараны даярлау мен өткізудегі еңбегі үшін ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Конференция соңында Отандық тарих ғылымының теориялық-методологиялық және өзекті мәселелерін кеңінен талқылап, жас ғалымдардың кәсіби біліктілігін шыңдай түсу мақсатында республикалық ғылыми-тәжірибелік «Нүсіпбеков оқуларын» жыл сайын өткізу, Конференция материалдарын жинақ етіп басып шығару, Ақай Нүсіпбековтың Қазақстанның әскери-тарихи ғылымының қалыптасуындағы ұйымдастырушылық рөлі мен қосқан үлесі Институттың алдағы ғылыми жұмыстарында атап көрсету, Алдағы уақытта Академик Ақай Нүсіпбековтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлік жолын зерттеу назарға алу туралы қарар қабылданды.