Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Зардыхан Қинаятұлының 80 жыл туғанына орай «Ұлы дала тарихы және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияның ақпараттық хаты


БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Рухани жаңғыру» институтымен және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығымен бірлестікте 2020 жылы 23-желтоқсан сағат 11.00-де белгілі саясаткер, тарихшы-ғалым, т.ғ.д., профессор, қоғам қайраткері Зардыхан Қинаятұлының (1940-2016) 80 жыл туғанына орай «Ұлы дала тарихы және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізеді.

Конференция мақсаты – тарих ғылымының бүгінгі жағдайы мен оның даму бағыттарын талқыға салу, Зардыхан Қинаятұлының ғылыми мұрасын зерделеп, оған баға беру және насихаттау.

З. Қинаятұлы 1940 жылы Моңғолияның Қобда аймағы Қобда сұмынында өмірге келген. Моңғолия мемлекеттік университеті мен Мәскеу қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Оның бүкіл саналы ғұмырын екі кезеңге бөлуге болады. Бірі – кеңестік кезеңдегі Моңғолия дәуірі, екіншісі – тәуелсіздік тұсындағы Қазақстан дәуірі. Екеуінде де ол алдына қойған барлық мақсат-міндеттерді абыроймен орындап шықты.

1975-1987 жылдары аралығында Моңғолия Кәсіподағы Орталық комитетінің хатшысы қызметінде болды. 1990-1992 жылдары Моңғолия Үкіметінің Вице-Премьері орынбасары Астана және Моңғолия Парламенті Төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Коммунистік жүйеден кейінгі Моңғолияның жаңа Конституциясын және сол елде жүргізілген саяси-экономикалық реформалардың құқықтық негізін жасаушылардың бірі. Сол дәуірдің болмыс-бітімін З. Қинаятұлы былай дәйектейді: «1980-1990 жылдардағы Моңғолия қоғамы үшін демократиялық жаңа өзгерістер қажеттігін теория тұрғысынан алғашқы болып жария ету бақыты маған бұйырыпты. Мұны бүгін Моңғолияда ешкім жоққа шығара алмайды».

Зардыхан Қинаятұлы 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Қазақстанға келген соң ол саяси өмірге араласуды саябырсытып, тарих ғылымына біржолата ден қойды. Ол өмірінің соңына дейін Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми қызметте болды. Ғалым «Жылаған жылдар шежіресі», «Моңғолиядағы қазақтар», «Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түрік тайпалары», «Көшпенділік ғұмыр», «Жошы ұлысы», «Шыңғысхан және қазақ мемлекеті» және т.б көптеген тарихи кітаптар жазып, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосты.

Ғалымның осы дәуірде жариялаған әртүрлі бағыттағы зерттеулерін былай топтастыруға болады: Отан тарихы, Әлем тарихы, Деректану мен тарихнама, Тұлғатану, Этнография, Мемлекеттану, Саясаттану, Диаспорология, Тарих теориясы мен методологиясы. Ең бастысы ол аталған әр саланың ізашары, жаңашылы, түркі жұртшылығы мойындаған зерттеушісі бола алғаны. Шыңғыс хан, Жошы хан, Қазақ мемлекеттілігі мен оның билеушілері, түркі әлемінің тұлғалары жайлы еңбектері, А.Левшинге, В.Бартольдқа, Л.Гумилевке, К.Нұрпейісовке, Бянбын Ринчинге, Зайсановқа арнаған шығармалары ешқашан өз құндылығын жоймақ емес.

Конференция шеңберінде келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:

  • З. Қинаятұлының өмірі мен қызметі;
  • З. Қинаятұлының ғылыми мұрасы және Отандық тарих ғылымының мәселелері;
  • З. Қиянатұлының этнография саласындағы зерттеулері;
  • З. Қинаятұлының мемлекеттану, тұлғатану және диаспорологияның дамуына қосқан үлесі.

Конференция жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Өткізілу түрі: қалыпты және қашықтықтан Zoom платформасында (конференция идентификаторы 873 7788 9845, кіру коды: 683119)

Қатысушыларды тіркеу Алматы қ., уақытымен сағ. 10.30, конференцияның басталу уақыты: сағ. 11.00.

Конференцияға қатысуға: ғалымдар, қоғамдық және мемлекет қызметкерлері, доктаранттар мен магистранттар, кең ауқымда қоғам өкілдері шақырылады. Конференция бағдарламасы мен жинағына баяндамаларды енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына тіркелу формасын 15-ші желтоқсанға ал баяндама мәтінің 2020-шы жылдың 21-ші желтоқсанға дейін жіберу қажет. Материалдар ұсынылған талаптарға сай рәсімделуі міндеттеледі:

1. Тіркеу формасы мен баяндама мәтіні (Конференция тақырыбына сай және 7 парақтан артық емес көлемде) міндетті түрде MS Word текст редакторында теріліп, баяндамасы бар файл автордың тегімен аталуықажет.

2. Парақтың форматы: А4, шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12, жоғары және төменгі шегі – 2 см, оң шегі – 1 см, сол шегі – 3 см, жоларалық интервал – бір, азат жол шегінісі: 0,95.

3. Баяндама атауы басында жазылады: БАС ӘРІППЕН (ҚАЛЫҢ ШРИФТПЕН) жолдың ортасында, баяндаманың жоғары жағында.

4. Баяндама атауының астында ортасына кіші әріппен (қалың шрифтпен) автордың аты-жөні, тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) жазылады

5. Келесі жолда автордың немесе авторлардың жұмыс орны, лауазымы толық көрсетіледі

6. Төменірек бір интервалдан соң баяндама (мақала) мәтіні беріледі.

7. Әдебиеттер мен деректер тізімі баяндаманың соңында орналасады және мәтінде кездесу реті бойынша беріледі. Сілтемелер төртбұрышты жақшада нөмір түрінде тізім бойынша деректің бетін көрсетіп рәсімделеді [6, 2-б.].

8. Барлық суреттер мен фотографиялар атауы берілген, қанық және 300 dpi-ден кем емес мүмкіндікте болуы және мақалаға jpeg форматында орналастырылуы тиіс.

 

Баяндаманың мәтінін рәсімдеу үлгісі

 

З. ҚИНАЯТҰЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН -ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

Ә.Қ.Шашаев

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ЖҒҚ., т.ғ.к., Қазақстан, Алматы. E-mail: shashaevauezhan@mail.ru

Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тарихтолқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296б.
  2. Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10-17.
  3. Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля.

 

З. Қинаятұлының 80 жыл туғанына орай

«Ұлы дала тарихы және тұлға»

аттыхалықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға

қатысушысының тіркеу формасы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 23 желтоқсан 2020 ж.

 

  1. Ч
Аты-жөні (толық)
Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы)
Жұмыс орны, ұйымның толық атауы
Қала, мемлекет
Пошта адрес, телефон
E-mail (міндетті түрде)
Баяндаманың (мақаланың) атауы
Баяндама жасау үшін қажет техникалық құралдар

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050010, Алматы қ., Шевченко көшесі 28. ҚР БжҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы бөлімі, e-mail: arman66@mail.ru

Байланыс телефондары: 8 (727) 261-67-19;

Болат Құдайбергенұлы – директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары м.а., т.ғ.к., моб.: +7 707 498 15 75

Жұмаділ Арман Қабдешұлы – Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к., моб.: +7 701 717 96 56.

 

Құрметпен ұйымдастыру комитеті