Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Кішібеков Досмұхамед Кішібекұлының туғанына 95 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты


2020 жылдың 15 желтоқсанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен және Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесе отырып көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967), ҚР ҰҒА академигі (2003),Қазақ КСР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1974), Ұлы Отан соғысының қатысушысы (1941-1945) Кішібеков Досмұхамед Кішібекұлының туғанына 95 жыл толуына арналған «Қазақстан тарих ғылымының философиялық мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Академик Д. Кішібеков 1925 жылы 15 желтоқсанда қазіргі Қызылорда облысыныңШиелі ауданында дүниеге келген. 1942-1945 жылдары Кеңес одағының батыры А.К. Серов атындағы әскери-авиациялық училищеде әскери борышын өтеді. 1948 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын бітіріп, 1948-1949 жылдары осы институтта оқытушы болып қызмет атқарған. 1949 жылы ҚР ҰҒА-ның Тарих, археология және этнография «Философия» мамандығы бойынша аспирантураға оқуға қабылданып, КСРО ҒА-ның Философия институтына оқуға жіберілгенге дейін Тарих институтының аспиранты болған. 1950 жылдың 1 қазанынан бастап Қ.И. Сәтбаевтың шешімімен КСРО ҒА Философия институтына іссапарға жіберіліп, аспирантурада оқуын жалғастырды.1953 жылы сәуір айында Д.Кішібеков аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғап ҚазКСР ҒА қарамағына келген кезде Тарих, археология және этнография институты құрамында философия секторы ұйымдастырылады. Ал 1954 жылы философия секторы Институт құрамынан бөлініп шығып, өз алдына жеке «Философия және Құқық» бөлімі болып қайта құрылады. Міне, осы бөлім кейіннен Қазақстан ҒА-ның «Философия және Құқық» институтына негіз болған. 1953-1959 жылдары Д.Кішібеков ҚазКСР ҒА Философия және құқық бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 1959-1960 жылдары ҒА философия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1960-1964 жылдары Қазақстан ҒА Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері. 1964-1996 жылдары Қазақ Политехникалық институтының / ҚазҰТУ-нің Қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі әрі ұзақ жылдар осы институт парткомы қызметін абыроймен атқарған. 1996 жылдан бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры. 1991-1992 жылдары Қазақстан Компартиясының тең төрағасы. «Халықтар достығы» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Д.Кішібеков ЖОО студентттеріне арнап қазақ тілінде жазылған тұңғыш «Философия» оқулығының авторы. «Переходные общественные отношения» (1973), «Кочевое общество: генезис, развитие, упадок» (1984), «Единство судеб» (1988), «Философия» (1994, 1999, 2000), «Казахстан. Переходный период. Проблемы и трудности» (1998), «Культурология» (1998), «Казахский менталитет: вчера, сегодня, завтра» (1999), «Философия истории и  современность» (2002), «Ментальная природа казаха» (2005), «Национальная идея и идеология» (2006), «Национальная идея» (2007), «Идеология и жизнь» (2017), «Идеология в контексте времени» (2018) және т.б. 50-ден астам кітаптың, 900-ге жуық ғылыми еңбектің авторы. Академик Д.Кішібеков бір кездегі Тарих, археология және этнография институтының шекпенінен шыққан Қазақстандағы философия және құқық институтының құрылуына және Қазақстан философия мектебінің қалыптасуына өз үлесін қосқан ірі ғалым.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • · Академик Досмұхамед Кішібеков және Қазақстан тарих ғылымының философиялық мәселелері;
  • · Академик Досмұхамед Кішібеков және ұлттық идея мен идеологияның ғылыми негіздері;
  • · Мұхаммед Хайдар Дулати еңбектеріндегі тарих философиясының негіздері;
  • · Әлемдік ғылым тарихы мен тарих философиясының даму кезеңдері;
  • · Тарих философиясының әлемдік мектептері және олардың негізгі теориялық-методологиялық ерекшеліктері;
  • · Қазақ халқының ұлттық болмысы мен құндылықтары және «Рухани жаңғыру» мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілдері:қазақ, орыс.

Конференция жұмысына қатысу үшін төмендегі форма бойынша өтініммен баяндама мәтінін жіберуді сұраймыз.

Өткізу формасы: Іс-шара онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі (конференция идентификаторы:846 7391 5779, пароль: 266507).

Конференцияға қатысу үшін өтінім үлгісі:

Аты-жөні (толық):_________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы, академиялық дәрежесі): ___________________________

Лауазымы (оқуы): ________________________________________________________

Мекеменің толық атауы (оқу орны): ___________________________________________

Байланыс телефондары: ___________________________________________________

E-mail:________________________________________________________________

Баяндама/мақала тақырыбы: ________________________________________________

Қатысуға өтінім 2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін ethnology.kz@gmail.com электронды поштасы бойынша қабылданады.

Конференция қорытындысы бойынша конференция мақалаларының жинағын шығару жоспарлануда. Мақалаларды тапсыру мерзімі – 2020 жылғы 14 желтоқсанына дейін ethnology.kz@gmail.com поштасына жіберуді сұраймыз.

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар:Көлемі 2 мың сөзден кем емес және 5 мың сөзден аспайтын мақала мәтіні. Мақаланың жоғары оң жақ бұрышында автордың аты-жөні көрсетіледі, бір интервалдан кейін оның аффилиациясы (жұмыс немесе оқу орны көрсетіледі), қаласы мен электронды поштасы, бір интервалдан кейін жол ортасына бас әріппен мақала тақырыбы жазылады.Содан кейін, бір интервал арқылықысқаша аңдатпа (100 сөзден кем емес) және кілт сөздер (5-тен көп емес) беріледі. Мәтін түзу – ені бойына, сөз тасымалы қажет емес. Мәтін 1 интервал арқылы 12-өлшеммен теріледі, шрифт Times New Roman, мақала соңындағы әдебиеттер тізіміне (әдебиет тізімі әліпбилік тәртіппен беріледі, нүктесіз нөмірленеді) сілтеме мәтін ішіндежақшамен пайдаланылған бетін көрсету арқылы (мысалы, (Кішібеков, 2005: 17) беріледі. Парақтың барлық шектері – 2 см.MS WORD редакторымен орындалған *.doc және *.rtf форматындағы жұмыстар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.Суреттер жақсы сапада мәтіннің ішінде тиісті бөлігінде беріліп, оған қысқаша түсініктеме берілуі шарт.

Анықтаманы және қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: + 7 (707) 679-62-66 – Куркеев Ержан Маралұлы, +7 (702) 588-41-66 – Ержанова Айдана Жеңісқызы.

 

Конференцияның өтетін орны:Алматы қ., Шевченко көш. 28, Ғылым Ордасы, Орталық Ғылыми кітапхананың конференц-залы.

Басталуы: сағат 11:00.

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті