Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Шоқан Уәлихановтың ағылшын тіліндегі таңдаулы шығармаларының тұсаукесері


2020 ж. 15 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Кембридж университетінің баспасымен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен бірлесіп қолдауымен ХІХ ғасырдағы ең көрнекті қазақ ғалымдарының бірі Шоқан Уәлихановтың таңдаулы шығармаларының ағылшын тіліндегі алғашқы жинағын ұсынды.

29 жасында үзілген қысқа ғұмырында Ш. Уәлиханов шығыстану ғылымына қомақты үлес қосып, отандастарына әрі шетелдіктерге қазақ мәдени мұрасы журалы зерттеулерін қалдырды.

Шоқтығы биік еңбектеріне қарамастан, Ш. Уәлиханов ағылшын тілді әлемде кеңінен танымал емес. Іс-шара аясында Ш. Уәлихановтың ағылшын тіліне аударылған шығармаларының алғашқы жинағы ұсынылады. Бұдан бұрын 1865 жылы ұлы ғалымның тек төрт шығармасы ғана ағылшын тілінде жарық көрген.

Кітапта Ш. Уәлихановтың Орталық Азия географиясы, тарихы, этнологиясы және экономикасының аспектілерін зерттеуге арналған ең маңызды ғылыми еңбектері, сондай-ақ ғалымның аймақтағы қоғамға деген өзіндік көзқарасы ұсынылған. Оның ғылымның дамуына қосқан өте құнды үлесі және бай тарихи-мәдени мұрасы адамзат игілігіне қызмет етуде.

«Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалары» кітабының онлайн тұсаукесері рәсімін модератор, Білім беру саласындағы Кембридж серіктестігініңхалықаралық өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы
Кембридж университеті Энни Михайлиду ашты.

Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшісі Ерлан Ыдырысов баяндама жасап, ХІХ ғасырдың алдыңғы қатарлы мәдениетінің көрнекті өкілі, көптеген ғылыми бағыттарда зерттеу жүргізген, Небәрі жас кезеңде Шығыс Қытайға яғни Құлжа мен Қашғарға экспедицияға аттанған Ш.Ш. Уәлихановтың 185-жылдық мерейтойын және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 29 жылдығын атап өту – ХХІ ғасыр ұрпақтарының ғылыми жетістіктерінің өзіндік қорытындысы болмақ екенін айтты.

Келесі баяндаманы  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов жалғастырып, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің Қазақстан мен Орта Азияға деген маңыздылығын туралы баяндап, Тарих және этнология институтының білікті ғылыми қызметкерлерінің осы кітаптың шығуына зор үлес қосқандығы туралы және Қазақстан республикасы мен Ресей Федерациясының мұрағаттардың табылған Шоқан туралы бай мұрағаттық деректердің осы еңбекке қосылғандығын атап өтті. Сонымен қатар олҚазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік ИрландияҚұрама Корольдігіндегі Елшісі Ерлан Ыдырысов  пен «Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалары» авторы Николас Филдингке өзінің үлкен рахметін айтып, Тарих және этнология институтының құрылғанына 75 жылдығына байланысты бұл үлкен іс-шара екенін атап кетті.

Білім беру саласындағы Кембридж серіктестігінің басқарушы директоры Джейн Маннат алмыш еңбектің қалай шығарылғанын туралы баяндап, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Кэмбридж университеті Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептерімен қарым-қатынастар жасап отырған туралы баяндады.

Аудармашы Арч Тейт Лондонда тұңғыш рет әлемнің жетекші университеті – Кембридж университетінің баспасы қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың таңдамалы еңбектерін ағылшын тілінде ұсынғанын баяндап берді.

Ағылшын тілді ғылыми аудитория алғаш рет ғалымның тарих пен этнологиядағы ең маңызды еңбектерімен танысуға мүмкіндік туып,адамзат тек қазақ халқының ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияның басқа халықтарының тарихы мен мәдениетін білетін болады деп үмітттенеді.

 Журналист, жазушы, редакторНиколас ФилдингШоқан Уәлихановтың қысқаша өмірбаянымен ғылыми саяхаттар мен экспедициялар туралы мәліметтер айтты.

Іс-шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Канада, БАӘ, Перу, Польша және Түркияны қоса алғанда, әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық қонақ қатысты. Facebook-тегі тұсаукесердің тікелей эфирі 500-ден астам рет қаралды.