Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция


2020 жылғы 22 желтоқсанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75-жылдығына арналған «Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өткізді.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты – Қазақстан Республикасының тарих ғылымының жетекші ғылыми-зерттеу орталығы. Қазақстанда академиялық желіні құрудың бастауы КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы құрылған 1932 жылдан басталатыны белгілі. Оның құрамында 1933 жылы тарих, археология, әдебиет және фольклор, тіл құрылысы, бейнелеу және музыкалық-хореографиялық өнерді зерттеумен айналысатын Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу институты құрылды. Осы институттың тарихи-археологиялық секторы 1936 жылы Қазақстандық базаның Тарихи секторын, содан кейін КСРО ҒА-ның Қазақ филиалын (1938 жылдан бастап) құруға негіз болды, 1941 жылы КСРО ҒА-ның құрамында Тіл, әдебиет және тарих институты ұйымдастырылды, оның бастауында Н.Т. Сауранбаев (институттың бірінші директоры), А.Х. Марғұлан, С. Аманжолов және басқалары сияқты қазақ ғалымдары тұрды.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы штаттық комиссияның 1944 жылғы 6 желтоқсандағы № 689 шешімі, КСРО ҒА Қазфилиалы Президиумының 1945 жылғы 14 тамыздағы № 20 “Тіл, әдебиет және тарих институтының құрамынан дербес институттарды: Тарих, археология және этнография институтын және Тіл және әдебиет институтын бөліп шығару туралы” Қаулысы негізінде құрылды. 1961 жылдың қаңтар айында институтқа белгілі тарихшы-ғалым, этнограф Ш.Ш. Уәлихановтың есімі берілді. ҚазКСР ҒА Президиумының 1991 жылғы 12 қыркүйектегі № 73 қаулысымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып атауы өзгертілді.

Республикада әр жылдары тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалымдар ерекше орын алады. КСРО ҒА Қазақ филиалының, одан кейінгі ҚазССР ҒА тарих, археология және этнография институтының ғалымдары: Е.Б. Бекмаханов, С.В. Юшков, С.Н. Покровский, А.Н. Нүсіпбеков, Ф.В. Шахматов, Н.Г. Аполлова, Г.Ф. Дахшлейгер, Б.С. Сүлейменов, Е.Д. Ділмұхамедов, А.С. Елагин, Б.А. Төлепбаев, М.К. Қозыбаев, К.Н. Нұрпейіс, М.Х. Асылбеков, П.С. Белан және т. б. көпжылдық жұмыстардың нәтижесінде “Қазақ КСР тарихы” бір томдық (1943), екі томдық (1 т. – 1957) (2 т. – 1959);. Сонымен қатар ” Қазақ КСР тарихы. Социализм

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап институттағы іргелі зерттеулер «тарихтың ақтаңдақтарын» анықтауға бағытталды. Тарихшылар «құпия құжаттарды» құпиясыздандыру және революцияға дейінгі және кеңестік кезеңдегі республика тарихының мәселелері бойынша көп жұмыс жасады. Институт ғалымдары 1991-1999 жж. «История Казахстана: белые пятна» (Қазақстан тарихы: ақтаңдақтар), бір томдық «История Казахстана с древнейших времен до наших дней» (Қазақстанның ежелгі дәуірден қазірге дейінгі тарихы) сынды кітаптарды шығарды. Жүргізілген зерттеулер келесідей нәтижелер берді: М.Қ. Қозыбаев «История и современность» (А., 1991); Ж.Б. Абылхожин, К.С. Алдажұманов «Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства» (А, 1992); М.Қ. Қозыбаев «Тарих зердесі», 2- томдық (А, 1998); К.С. Алдажұманов және басқалар «Насильственная коллективизация и голод в Казахстане» (1931-1933), (А, 1998); «Книга скорби – Азалы кітап». 1-2-шығ. (А., 1997-1998) Қазақстан Республикасының 8 облысы бойынша; К.С. Алдажұманов және басқалар «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы» (А, 1998); «Гонимые голодом. Сборник документов о судьбе казахов, бежавших в Сибирь в начале 30-х гг.» (Омск, 1998) және басқалары. Институттың көпжылдық зерттеулерінде жаңа іргелі академиялық басылым 5-томдық «Қазақстан тарихы» (1996-1998; 2010) ерекше орын алады.

 Бүгінгі таңда ғылыми ұжым бағдарламалық-мақсатты және гранттық қаржыландырудың бірқатар жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс істеуде, қалалық, республикалық, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі елдерде, алыс шетелдерде маңызды іс-шараларға қатысады. Ғалымдар “Мұрағат-2025”, “Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті” атты мемлекеттік бағдарламалары аясында Ұлы Дала тарихы бойынша эксклюзивті материалдар жинаумен айналысады. Институт қызметкерлерін халықаралық конференцияларға қатысушылардың арасынан көруге болады, онда олар шынайы қызығушылық тудыратын ғылыми баяндамалар жасайды.

Ғалымдардың жас буынына – магистранттар мен докторанттарға үлкен көңіл бөлінеді. Олар зерттеу топтарының жұмысына қатысады. Өздері жаңа идеялар ұсынып, өз жобаларын ұсынып, гранттар ұтып алады. Шет тілдерін білуінің арқасында шетелдік журналдарда өздерінің ғылыми мақалаларын жетекші ғалымдармен бірлесіп жариялайды, осылайша біздің еліміздің ғылымдағы жетістіктері туралы әлемге мәлімдейді.

 Конференцияда құттықтау сөздермен Жұрынов Мұрат Жұрынұлы – ҚР ҰҒА Президенті, академик, химия ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.), Тасболатов Абай Бөлекбайұлы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Депутаты Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.), Сыдықов Ерлан Бәтташұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тарихшы-лардың ұлттық конгресі басқармасының төрағасы (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.), Қожамжарова Дария Пернешқызы – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі (Қазақстан, Шымкент қ.), Абдрахманов Толобек Абылұлы – И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қырғызстан, Бішкек), Сырлыбаев Марат Қадырұлы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты (Қазақстан, Көкшетау қ.), Идрисов Саламат Нұрмұханұлы – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (Қазақстан, Атырау қ.), Асанканов Абылабек Асанканович -Б.Джамгерчинов атындағы Тарих, археология және этнология институтының директоры, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қырғызстан, Бішкек), Байтанаев Бауыржан Әбішұлы – ҚР БҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.), Корусенко Светлана Николаевна – РҒА СБ Археология және этнография институтының Омбы археология, этнография және музейтану зертханасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент (Ресей, Омбы қ.), Томилов Николай Аркадиевич – РҒА СБ Археология және этнография институтының Омбы археология, этнография және музейтану зертханасының ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Омбы қ.) Әбіл Еркін Аманжолұлы – ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы

институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.), Дүкен Мәсімханұлы – ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.), Гжегож Берендт – Екінші дүниежүзілік соғыс Музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, профессор (Польша, Гданьск қ.), Әбдіқадырова Жәмилә Үсіпжанқызы – Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры (Қазақстан, Алматы қ.), Симонов Дмитрий Геннадьевич – Носібір облысының мемлекеттік архивінің директоры (Ресей, Новосибирск қ.), Қарымсақов Арнұр Жасабекұлы – Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің директоры (Қазақстан, Алматы қ.), Оразбаева Алтайы Иранбекқызы – Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы директорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.), Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент (Қазақстан, Алматы қ.), Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.), Абдуахап Қара – Мимар Синан атындағы көркем университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы (Түркия, Стамбул), Лаумулин Мұрат Тұрарұлы – саяси ғылымдардың докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.), Жұмабеков Жамбыл Әзмұханұлы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты (Қазақстан, Қарағанды қ.), Сақтағанова Зауреш Ғалымжанқызы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы (Қазақстан, Қарағанды қ.), Куртсеитов Рефик Джаферович – Февзи Якубов атындағы Қырым инженерлік-педагогикалық университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент (Ресей, Қырым Республикасы, Симферополь қ.) айтты. Конференцияда өз баяндамаларынмен Смағұлов Оразак Смағұлұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.), Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінің профессоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.), Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Айтылған тарих» ғылыми орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.), Әбжанов Ханкелді Махмұтұлы – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.), Мәжитов Саттар Фазылұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.), Курманов Зайнидин Карпекович – Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қырғызстан, Бішкек қ.), Алдажұманов Қайдар Сейсенбайұлы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор (Қазақстан, Алматы қ.), Хафизова Клара Шайсұлтанқызы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.), Рынков Вадим

Маркович – РҒА СБ Тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты (Ресей, Новосибирск қ.) Абылхожин Жулдузбек Бекмухамедович – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.), Әбусейітова Меруерт Хуатқызы – Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық орталығының директоры, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.), Цапко Олег Михайлович – Украина Ұлттық Ғылым Академиясының Дүниежүзілік тарих институтының жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент (Украина, Киев қ.), Әжіғали Серік Ескендірұлы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Абдулина Ақсұнқар Тұрсұнқызы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты (Қазақстан, Алматы қ.), Козина Валерия Викторовна – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы (Қазақстан, Қарағанды қ.), Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының м.а., ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Қазақстан, Алматы қ.) шықты.

Іс – шара соңында қорытынды шығарылып, резолюция қабылданды.