Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Инкорпорированные и внежузовые группы в составе казахов (XVIII – XX вв.)» («Қазақ халқының құрамындағы кірме және жүзден тыс топтар (XVIII – XX ғасырдың бас кезеңі)») ұжымдық монографиясының тұсаукесерінің ақпараттық хаты


2021 ж. 20 қаңтарда сағат 12:00-де Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Ұлы Даланың тарихы мен мәдениеті» атты  жобасы аясында дайындалған «Инкорпорированные и внежузовые группы в составе казахов (XVIII – XX вв.)» («Қазақ халқының құрамындағы кірме және жүзден тыс топтар (XVIII – XX ғасырдың бас кезеңі)») ұжымдық монографиясының тұсаукесерін өткізеді.

Ұсынылған монографияда XVIII – XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының құрамына кірген басқа тілді әрі өзге мәдениетті топтар (қожалар, қырғыздар, қарақалпақтар, башқұрттар, түрікмендер және т.б.) туралы ақпараттар берілген. Сол көрсетілген кезеңде этникалық процестер және соларға ықпал еткен факторлар көрсетілді. Архивтік және этнографиялық деректерге сүйеніп, авторлар аталған топтардың ерекшеліктеріне талдау жасады.

Іс-шараның мақсаты – жарық көрген ұжымдық монографиямен көпшілікті таныстыру және ғылыми орта мен зиялы қауымның, барша оқырмандардың пікірін біле отырып, болашақ зерттеулердің бағыттарын айқындау, кітапхана қорын толықтыру.

Тұсаукесерге институт қызметкерлері, отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, магистранттар мен докторанттар қатысуға шақырылады.

Өткізілу түрі: Zoom-online платформасында қашықтан және тікелей түрде https://us02web.zoom.us/j/81626541907?pwd=LzM3aCtYcGJNbUxKcEp5dC93Q01jUT09 (816 2654 1907, пароль: 712556)

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Өтетін күні мен уақыты: 20 қаңтар 2021 жыл, сағ. 12.00-14.00.

Өтетін орны: Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, 205-бөлме (А. Нүсіпбеков ат. бөлме).

Мекен-жайы: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28.

Байланыс телефоны: 8 707 426 51 47 (Болат Смағұлов), 8 777 312 20 36 (Ақсұнқар Абдулина), 8 (727) 261-67-19; факс: 8 (727) 261-67-19.

E-mail: bolat_alemdar@mail.ru, abd_aksunkar@mail.ru

 

Ұйымдастыру комитеті