Қазақ халқының құрамындағы кірмелер мен жүздерге кірмейтін топтар туралы кітап жарық көрді

2021 жылғы 20 қаңтарда Институтта қазақ халқының этникалық тарихына арналған «Инкорпорированные и внежузовые группы казахов (XVIII – начало XX вв.») («Қазақтар құрамындағы кірмелер мен жүздерге кірмейтін топтар (XVIII – XX ғасырдың бас кезені») ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті. Институт қызметкерлерінен басқа, кітапты (монографияны) жазуға Астана, Түркістан және Семей зерттеушілерімен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары да қатысты. Осы «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті» ғылыми жобасы бойынша жазылған монографияда белгіленген кезеңде қазақ халқының құрамына кірген топтардың (қырғыздар, қарақалпақтарқ башқұрттар, сарттар, «шала қазақтар», қалмақтар және т.б.) дәстүрлі мәдениеті мен тарихына қатысты мәліметтер көрсетілген. Архивтік және этнографиялық деректерге сүйеніп, авторлар аталған топтардың ерекшеліктеріне талдау жасады. Тұсаукесерге Институт қызметкерлері, отандық ғалымдар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Іс-шара барысында құттықтау сөздері мен өз пікірлерін Институт директорының кеңесшісі, с.ғ.д., профессор С.М. Борбасов, Шәкәрім ат. Семей мемлекеттік университетінің профессоры А.И. Исин, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің профессорлары А.Б. Қалыш, Б.К. Қалшабаева, Қ.А. Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Х. Тұрсұн, Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Е.А. Әбіл, Институттың жетекші ғылыми қызметкерлері, т.ғ.к. Г.Ү. Орынбаева мен Б.Қ. Смағұлов және т.б. білдірді.