ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2021 жылдың 28 қаңтары күні сағат 11.00-де ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы міндеттерін жүзеге асыру аясында «ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығындағы Қазақстан тарих ғылымы дамуының жаңа серпіні» тақырыбында Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында көпғасырлық Ұлы Даланың тарихын ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін зерттеуді одан әрі жалғастыруға ерекше назар аудару қажеттілігі баса айтылған болатын. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлы Даланың тарихы тұтастай және жекелеген аса маңызды сақ, ғұн, Түрік қағанаты мен Ұлық Ұлыстан Қазақ хандығы, Ресей империясы және кеңес одағы кезеңдерін қамти отырып жаңа көзқарастар тұрғысынан ұғындырылуға тиісті. Бүгінгі таңда Отан тарихының өзекті мәселелері мен оқиғаларын тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қарастыру, мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік шекараның қалыптасуын, Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму ерекшеліктерін, Ұлы дала халықтарының әлемдік өркениет пен мәдениетке қосқан үлестерін анықтау қажеттілігі туындады. Бұл орайда, елдегі демографиялық және шаруашылық жағдайға елеулі әсер еткен 1921-1922 жылдардағы ашаршылықты жүйелі түрде зерттеу ерекше назарда. Тәуелсіздік идеясын жүзеге асыруға зор үлес қосып, саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің мұрасын зерттеу мен баға беру мәселесі де тарихшылар алдындағы міндеттің бірі. Осыған орай тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін құрылған Мемлекеттік комиссия қызметінің жауапкершілдігі зор. Тәуелсіздіктік жаршысы болған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де толыққанды зерттеуді қажет етеді. Жалпы алғанда, ұлттық тарихтың алдында тұрған маңызды мәселелерді обьективті түрде ғылыми қауымның күшімен түсіндіру үшін Мемлекет басшысы ғалымдар алдына Қазақстан тарихының академиялық басылымын, Отандық және әлемдік тарих ғылымының соңғы жетістіктерін басшылыққа алған шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихын дайындау міндетін қойған болатын.
Осыған байланысты конференция барысында жиналған ғылыми сараптамалық қауымдастық Қазақстан білімі мен тарих ғылымының басым бағыттарын және отандық тарихтың өзекті мәселелерін талдамақ. Конференция жұмысына ғалымдар, қоғам қайраткерлері докторанттар мен магистранттарды шақырылады.
Конференция аясында Қазақстан тарихының ежелгі заманнан қазірге дейінгі тарихының маңызды қырларын қамтыған «Қазақстан тарихы. Энциклопедиясы» атты 3 томдық ғылыми-анықтамалық энциклопедиясының тұсаукесерін өткізу жоспарлануда. Бұл басылымның ерекшелігі – авторлық ұжым классикалық энциклопедия дәстүрін сақтай отырып, отандық және әлемдік тарих жетістіктерін қолдана алғандығында. Жаңа энциклопедия ғылыми қауымдастыққа, оқытушы-ұстаздарға, оқушыларға, жалпы отандық тарихқа қызығушылық танытқан көпшілік оқырмандарға арналған.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
– тәуелсіздік жағдайындағы тарих ғылымының қазіргі жағдайы мен болашағы;
– Қазақстан тарихын зерттеудегі тарихнама, деректану және методологияның жетістіктері;
– мемлекеттіліктің Ұлы даладағы мыңжылдық дәстүрі;
– Алтын Орда мен Қазақ хандығының сабақтастық мәселесі;
– Қазақстан Ресей империясы кезінде;
– тарихи география мен топономиканың өзекті мәселелері;
– 1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықтың белгісіз беттері;
– массовые политические репрессии 1920-1950-ші жылдардағы Қазақстандағы жаппай қуғын – сүргін және саяси қуғын – сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері;
– 1931-1933 жж. аштық құрбандары туралы;
– тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелері
– ЖОО мен мектептердегі және т.б. тарихи білім мәселесі.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның өткізілу уақыты: 2021 жылғы 28 қантар, сағат 11:00.
Жұмыс форматы: Zoom базасындағы онлайн конференция (идентификатор: 826 3920 3696, пароль: 326038)
Конференцияға қатысуға өтінімдер 2021 жылғы28 қантарға дейінэлектрондық түрде қабылданады: «Жаңа серпін» белгісімен, e-mail: kazhistory@bk.ru.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда. Конференция жинағына мақалаларды қабылдау 2021 жылғы 12 ақпан дейін жалғасады.
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі – 10-12 беттен артық емес, Microsoft Word редакторында; шрифті Times New Roman, кегль 12; жоларалық интервал – бір; абзац – 1 см, абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады; өрістер: жоғарғы және төменгі – 2, сол – 3, оң – 1,5; автордың аты-жөні, жұмыс орны (ұйым атауы) – оң жақ бұрышта; баяндаманың атауы бас әріптермен төменде қала, ел орталық бойынша орналастырылады. Ғылыми дереккөздерге сілтемелер төртбұрышты жақшада реттік нөмірмен көрсетілуі керек (мысалы, [1, 65-б.]), ескертілуіне қарай, мақала мәтінінің соңында орналастырылған пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.
Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28, ҚР БжҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, М.М. Козыбаева (8777-367-80-83 – ватсап), сыртқы байланыстар, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі – М.Ч.Калыбекова (8701-299-30-41).
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
|
Аты-жөні толығымен | |
2. | Жұмыс орны, лауазымы | |
3. | Ғылыми дәрежесі және атағы | |
4. | Байланыс адресі мен телефоны | |
5. | e-mail: | |
6. | Бағыты | |
7. | Баяндама тақырыбы |
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті