Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Ғылымның дамуы-еліміздің болашағы» форумы


ҚР БҒМ ҒК ҰҒА «Ғылымның дамуы-еліміздің болашағы» форумын өткізді. Форумға, Алматы қаласының әкімі А.С. Есімов, ҚР БҒ министрі Б.Т. Жұмағұлов және ҚР ҰҒА президенті М. Жұрынов қатысты. Форум – «Ғылым Ордасының» ашылу рәсімімен басталды. Ашылу рәсіміне орай, 14 ғылыми-зерттеу институтының қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұжымы да қатысып, өздерінің ғылыми нәтижелері мен жетістіктерін көрсетті. Көрмеден соң, форум жұмысы жалғасын тауып, ғалымдар Қазақстан ғылымының даму бағыттарын негіздеу туралы баяндамалар жасады. Форум соңында, БҒ министрі Б.Т. Жұмағұлов ардагер академиктерге марапаттаулар тапсырды. Тарих және этнология институтының БҒҚ, ҚР ҰҒА академигі Б.А. Төлепбаев үлкен алтын медалмен ұлықталды.