әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастыруымен «Бекмаханов оқулары-2011» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Қазақстан тарих ғылымының теориялық-методологиялық мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Х. Әбжанов, ҚР ҰҒА академигі М-А.Х. Асылбеков баяндамалар жасап, өз ойларын ортаға салды.