Тұсаукесер

2021 жылдың 1 ақпанында Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты ҚР Ұлттық кітапханасында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жинағы мен институт ғалымдары С.М. Борбасов, А.У. Тоқтабай мен жазушы Жәди Шәкенұлы қатарлы авторлардың «Қожаберген батыр Жәнібекұлы» атты монографияның тұсаукесер рәсімін өткізді.

Институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов басқарған аталмыш іс-шараға екі ғылыми еңбектің авторлары мен ғалымдар, қоғам қайраткерлері, кітапхана қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» атты жинаққа түркі дәуірінен бастап, осы заманға дейінгі 100 ұлы тұлға туралы ғылыми мақалалар енді.

Іс-шара соңында Жәди Шәкенұлы қазақ руханиятына үлес қосып, демеушілік қамқорлық көрсетіп жүрген кәсіпкер, меценат «Қожаберген батыр» қоғамдық қорының президенті Мерей Сләмұлына, «Тұғырыл хан – Оң хан» корпоративтік қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Асылхан Игібаевтің шешімімен аталған қордың «Нар тұлға» атты орденімен марапаттады.

Ұйымдастырушылар ретінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ғылыми еңбектердің авторлары, Алматы қаласынің №4 кітапхана ұжымы мен меңгерушісі С.К. Иманбаева болды. «Қожаберген батыр» қоғамдық қорының президенті Мерей Сләмұлы мен идея авторы мен демеуші Оразбек Базарбайұлына алғысымызды білдіреміз.