Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

“Казахстан и страны СНГ: 20 лет Интеграции в Глобальный культурно-исторический Контекст”


Қазақ Еңбек және Қарым-Қатынастар академиясы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алтай Мемлекеттік Университетімен (Ресей) бірлесе отырып, ТМД құрылғандығының 20-жылдығына арнап «Казахстан и страны СНГ: 20 лет Интеграции в Глобальный культурно-исторический Контекст» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізді. Конференцияның ашылу салтанатында Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары т.ғ.к., доцент Р.А. Бекназаров «құттықтау сөз» сөйледі. Сондай-ақ, Институт ғалымдарынан конференцияда БҒҚ, т.ғ.к., доцент Алдажұманов Қ.С., т.ғ.д., профессор Нұрсұлтанова Л.Н., т.ғ.д., доцент Смағұлова С.О., институт директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Ерімбетова Қ.М, т.ғ.к., Уалтаева А.С., кіші ғылыми қызметкер Қалиев Ж.А. баяндамалар жасады.