Некролог. Пищулина К.А.

Клавдия Антоновна Пищулина (1934 – 2021)

2021 ж. 5-ақпанда 86 жасқа келген шағында көрнекті тарихшы-ғалым, шығыстанушы-ираншы, кейінгі орта ғасырдағы қазақ мемлекеттілігі, Моғолстан, Қазақ хандығы тарихы бойынша белді маман, көптеген жұмыстардың, монографиялардың авторы, «Қазақстан тарихы» атты көп томдық және өзге де басылымдарға соавтор болған Клавдия Антоновна Пищулина қайтыс болды.

Ол өзінің бүкіл жарқын өмірін тарих ғылымына арнап ҚР ҰҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында қызмет етті.

Ол ортағасырлық Қазақстан тарихының зерттелмеген көптеген мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеген алғашқы адам болды. Жаңа парсы және түркі деректердің негізінде Қазақ хандығы тарихында Оңтүстік Қазақстандағы Сыр бойы қалалардың тарихи маңызын ашып, XIV-XVI ғғ. Моғолстан мен Қазақ хандығы құрамында болған (Жетісу) Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның этносаяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын монографиялық деңгейде кеңінен қарастырды. К.А. Пищулинаның көптеген жарияланымдарынан кейін қазақ халқының этногенезі, этникалық тарихы мен аумағы, мемлекеттілігіне қатысты көптеген мәселелері жаңа деңгейге көтерілді. Бес томдық «Қазақ КСР тарихын» (2 том, 1979 ж.) және «Қазақстан тарихын» (2 том, 1997 ж.) дайындауға, жазуға және редакциялауға қатысты. Жоғары оқу орындары мен мектептерге арналған оқулықтардың авторы. Қ.М. Байпақов пен Б.Е. Көмековпен бірге жазылған «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» оқулығы қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде бес рет басылып шықты. Тарихшы жас ғылыми кадрларын дайындап шығаруда көп жұмыс жасады. 1998 жылы «Достық» орденімен марапатталды.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы Клавдия Антоновнаның туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады.

Алла алдынан жарылқасын!