Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Өзара ғылыми ынтымақтастық қарым-қатынас бастамасы


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» 2020 ж. 24 қарашадағы № 456 Жарлығына сәйкес Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғаны белгілі. Аталған комиссия отырысының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №20-32-3.6 хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, Алматы қаласы Әкімдігінің 2021 жылғы 8 ақпандағы «Алматы қаласы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысы негізінде, Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі қалалық комиссия құрылған.

2021 жылғы 09 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы бастығының орынбасары А.Есенбековпен, Қоғамдық даму басқармасының бөлім бастығы Е.Айымбетовпен және институт директоры З.Е.Қабылдиновпен, директордың орынбасарлары С.М. Борбасовпен және Б.Құдайбергенұлымен бірге кездесу өткізілді. Кездесу барысында Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, халықаралық тәсілдер мен стандарттар негізінде материалдарды жан-жақты және кешенді зерделеу жүргізілгеннен кейін қуғын-сүргін құрбандарын толық заңдық, ал жекелеген санаттарға қатысты саяси ақтауды жүзеге асыру бойынша келешектегі жұмысы талқыланды.