«Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: АШАРШЫЛЫҚ зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2021 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп ұйымдастыруымен «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: АШАРШЫЛЫҚ зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстел офлайн және онлайн түрде өткізілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы дөңгелек үстел модераторы болды. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаевтың алғысөзімен басталып, дөңгелек үстел барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу бойынша Республикалық ғылыми орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.О. Омарбек, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының профессоры, жазушы, кинодраматург, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С.А. Елубай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдарының кандидаты Б.Әбдіғалиұлы, М. Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы «Қазакстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Л.А. Гривенная, жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты Б.О. Қойшыбаев, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің классикалық және орыс филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Л.М. Харитонова, Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Әбіл баяндамаларын оқып, 1920, 1930-жылдардағы Қазақстан аумағындағы ашаршылық туралы өздерінің ғылыми көзқарастарын жеткізді.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық (Ақмола өңірі негізінде)» тақырыбында баяндама жасап, дөңгелек үстел барысында Ақмола өңірі негізінде 1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық туралы өзінің ғылыми пікірімен бөлісті.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасарлары т.ғ.к. Б.Құдайбергенұлы,  т.ғ.к. Ә.К.Шашаев, кеңесші с.ғ.д. С.М. Борбасов, институтымыздың қызметкерлері т.ғ.д., профессорлар О.Х. Мұхатова, А.И.Құдайбергенова, т.ғ.к. А.Т.Каипбаева онлайн түрде кдөңгелек үстел жұмысына қатысты. Маңызды шара мазмұнды өтіп, қабылданған шаралар Отан тарихының ақтаңдақтарын айқындай түсетін міндеттерді қабылдады.