Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры лауазымына қайта тағайындалды

2021 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Төрағасы Ж.Д. Құрманғалиева ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына келіп, институт ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2021 жылғы 17 ақпандағы №19-бғұ бұйрығымен, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновты (Зиябек Кабульдинов) Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры лауазымына тағайындалуымен салтанатты түрде құттықтады. Сонымен қатар, Ғылым комитетінің Төрағасы Ж.Д. Құрманғалиева институт ұжымымен тарих ғылымын дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылап, өзінің бағыт-бағдарын берді.
Институтымыздың ұжымы атынан Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновты Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры лауазымына тағайындалуымен құттықтаймыз.

Құрметті Зиябек Ермұханұлы, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтардағы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласындағы тарих ғылымын дамыту бойынша тапсырмаларын ұжым болып, жалпы Қазақстан тарихшылары бірігіп, абыроймен орындап шығуда сәттілік тілейміз және Қазақстан тарихын, жалпы тарих ғылымын дамытудағы орасан зор үлесіңіз артып, еңбектеріңіз бағалана берсін, өзіңіз басқарған ұжымымызды тек жетістіктерге жеткізе беруіңізге тілектеспіз.