2021 жылғы 19 ақпанда Институт және «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Жекеменшік мектеп» ЖШС ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.
Меморандумның мәні Тараптар арасындағы білік сапасын арттыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және оның қорытындаларын насихаттау саласындағы ынтымақтастық болып табылады.
Меморандумның мақсаты: бірлескен мәдени бағдарламаларды, семинарлар мен конференцияларды, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; сапарларды, кездесулерді, дөңгелек үстелдерді, семинарларды конференцияларды, бизнес-сапарларды, көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыруға және өткізуге өзара көмек көрсету; тараптар арасындағы қатынастарды жан-жақты тереңдетуге және дамытуға ықпалды шараларды жүзеге асыру; тараптардың профессорлық оқытушылық құрамы мен ғалымдардың, мұғалімдердің «онлайн» режимінде дәрістер оқу; мектеп қызметкерлерін, мұғалімдерді және оқушыларды ғылыми кеңес беру және тарту түрінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу; біріккен конференциялар, семинарлар, симпозиумдар және дөңгелек үстелдер жүргізу; басылымдармен, ғылыми зерттеулермен, ғылыми, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, мерзімді басылымдармен өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттармен алмасу және т.б.