Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев мұрасы және тарихи дәуір» атты республикалық дөңгелек үстелдің ақпараттық хаты


2021 жылдың 16 наурызында сағат 11.00-де ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қазақтың ұлы ақыны, дәуірдің жырауы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев мұрасы және тарихи дәуір» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – өткен ғасырдың тарихын зерттеуде айтыскер ақын Жамбылдың орны мен рөлін анықтау. Жамбылдың терең мазмұнды рухани мұрасының қазақ халқының тарихы мен санасын қалыптастырудағы және тәрбиелеудегі ықпалы мен маңызын сараптау.

Жамбылдың шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеуін, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлауын айқындау. Суырып салма ақынның «нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен» екендігін айқындап, осы жауһарлардың қазіргі тарих ғылымында пайдалану деңгейін көрсету. Жамбыл ұсынған қағидалардың тарих ғылымын дамытуға ықпалын айқындау.

 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Жамбыл Жабаевтың өмірі мен тарихы;
  • Жамбылдың рухани мұрасы – Қазақстан халқының ұлттық идеясының тірегі;
  • Жамбыл дәуірі және қазақ қоғамы;
    • Жамбыл Жабаевтың шығармалары Қазақстанның тарихы ғылымында;
      • Жамбыл Жабаев және орыс-қазақ рухани-мәдени байланыстары;
      • Жамбылдың шығармашылығы және тарихи шындық пен объективтілік.

Конференция жұмысына Жамбыл Жабаевтың рухани мұрасына ниет қойған зиялы қауым өкілдерін шақырамыз.

 

Дөңгелек үстел қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Іс-шара онлайн режимінде Zoom бағдарламасының платформасында өткізіледі (идентификатор: 81416003959, пароль: 845478)

 

Республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2021 жылғы 12 наурызына дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 28, «Ғылым ордасы», 3-қабат, 303-бөлме, Тарихи демография және ҚХА бөлімі, Мурзаходжаев Қуаныш Мәдиұлы, ғылыми қызметкер, e-mail.: kazhistory@bk.ru.  Байланыс телефондары: тел.: +7(727) 261-67-19, факс.: +7(727) 261-67-19

 

Республикалық дөңгелек үстел жұмысына қатысушылардың іс-сапар шығындары – жіберуші ұйымның есебінен.

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) _________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): __________________________________________

Лауызымы: ______________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: ____________________________________________________

Байланыс телефондары, факс.: _____________________________________________

Е-mail.: __________________________________________________________________

Баяндаманың тақырыбы____________________________________________________

Кілт сөздері______________________________________________________________

Қысқаша аннотациясы (250 сөзге дейін)______________________________________

 

Өтетін орны: 050100 Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы» ғимараты, 2-қабат, 205 каб.

Дөңгелек үстелдің басталуы – сағ. 11:00

Байланыс телефоны: +7(727) 261-67-19, 261-01-33; факс: +7(727) 261-67-19

E-mail: kazhistory@bk.ru

 

 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті