Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Профессор Әжіғали Серік Ескендірұлы – 60 жас!


Әжіғали Серік Ескендірұлы- этнолог, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс елдерінің Халықаралық архитектура академиясының корреспондент-мүшесі. Тарих және мәдениет, далалық Еуразия ескеркіштері, қазақтардың халықтық сәулетшілік пен этнографиясы бойынша маман. Тарихи номадизм, шығыстану мәселелерімен мақсатты түрде айналысады.
1952 жылы 17 желтоқсанда Алматыда ғалым-филологтар отбасында дүниеге келген. 1975 ж. С.М.Киров атындағы тарих факультетін бітірген. Еңбек қызметін ҚазССР Мәдениет министрлігінің «Казреставрация» Бірлестігінде (1975-1981) бастады. 1985 жылдан ҚазССР ҒА тарих, археология және этнография Институтында (қазіргі: ҚР БҒМ ғылым Комитеті Ш.Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институты) істеді. 1989 ж. КСРО ҒА этнография институтының Лниградтық бөлімінде кандидаттық диссертация қорғады; 1997 ж. – докторлық диссертациясын «б.д. ІІ м.ж. Арал-Каспий көшпенділерінің мемориалдық-культтық архитектурасының генезисі (ареал, типлолгия, тарихи-мәдени интерпретация)» ҚР ҒА ТЭИ-да, этнология және археология мамандығы бойынша қорғады. Осы пәндер бойынша ЖАК-тың эксперті болды.
1978-1998 жж. ірі Арал-Каспий аймағының тарихы мен мәдениет ескерткіштеріне жан-жақты аймақтық зерттеу жүргізді, Маңғыстау, :стірт, Солтүстік Арал маңы және Каспий маңында ерекше архитектуралық комплекстері ғылыми айналымға енгізді. Көп жылдық зерттеулер нәтижесінде «Көшпенділер архитектурасы – Еуразия тарихы мен мәдениетінің феномені» (2002) атты еңбегі жарық көрді және жалғасын тапты. Соңғы жылдарда С. Әжіғалидың жетекшілігімен Әбілхайыр-ханның мазары табылды. Ғалымның жаңалықтары аймақтың тарихи-мәдени мұрасын игеруде іс жүзінде қолданылуда.
Профессор С. Әжіғали қазақстанның көрнекті этногроф маманы. Тарихи- этнологиялық ғылымдар мәселесі бойынша зерттеулермен айналысады: этникалық тарих, қоныстану жүйесі және көшпелі – малшылардың материалдық мәдениеті, дәстүрлі және қазіргі әдет- ғұрып, отандық этнография тарихы т.б. Батыс, Оңтүстәк қазақстанда, Сарыарқада, Жетісуда және республикадан тыс жерлерде этнографикалық зерттеулер жүргізді. 1980 жылдардың ортасынан қазақстан ауылдарын көп жоспарлы этносациологиялық зерттеулерге қатысты.
1998 жылдан республиканы жаппай этномәдени зерттеулерді басқарды. 1999 жылдан этнология және артропологияның академиялық бөлімін басқарады, мамандарды дайындауға ғылымдағы жалғастықты сақтауға ерекше көңіл бөледі. Сонғы жылдардағы қызметінің аса маңызды бағыттарымен жетістіктері орталық азиядағы (Манголия, Қытай) қазақ диаспорасының қоныстану аймақтарын этнографиялық – этноархиологиялық зерттеу. Соңғы уақытқа дейін С.Әжіғали «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қоғамдық кеңесінің «Этнология және антропология» секциясын басқарды. 2009 жылы Қазақстан этнологтар мен антропологтар Ассоциясының призиденті болып сайланды.
С.Әжіғали Қазақстандағы этноархиологиясының дамуына маңызды үлес қосты. Қазіргі уақытта «қазақ ескерткіш тануға» ғылыми практикалық бағыт берумен айналысады. Ғалым далалық өркениет мәселесі бойынша («Туран мұрасы» сериясы) ұжымдық тарихи- мәдени зерттеулерді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Бірқатар ғылыми форумдар, конференциялар оның ішінде халықаралық: «Археологиялық және этнографиялық зерттеу интеграциясы (Алматы, 2004)»; «Еуразия тарихы мен мәдениетінде Арал – Каспий аймағы (Ақтөбе, 2006, 2011)»; Орынборда – «Қазақ, этнографиялық ескерткіштану» бойынша симпозиум (2009, Ресей этногрфтар Конгресі шеңберінде), Ақтөбеде (2011) және Атырауда (2012); Манголия Қазақтары бойынша симпозиум (Алматы 2012) Ғалым көптеген қазақстанда және шетелдерде болған конференцияларға қатысқан; Ашқабат, Ташкент, Душамбе, Ұланбатыр, Москва, Санк- петербург, Киев, Омбы, Казан, Сочи, Орынбор, Якутск. Ғылыми- педагогикалық жұмысқа ерекше көңіл бөледі ол 8 кандитат, 3 ғылым докторын «Этнология» және «Архетектура» мамандығы бойынша дайындады.
С.Әжіғали 350 ғылыми және ғылыми – танымал жұмыстардың авторы, 20 жекелеген монаграфиялар, кітаптар, мақалалар жинағы конференция материалдарының авторы. Олардың ішінде ерекше атап айтуға болатын еңбектері: «Көшпенділер архитектурасы – Еуразия тарихы мен мәдениетінің феномені» (2002); «Каспий маңы жағалауының тарихы» (Алматы 2000); Қазақтардың өткендегі және қазіргі әдет ғұрыптарымен салттары мақалалар жинағы (Алматы 2001); «Арал Каспидің тарихымен мәдениеті. Мақалалар жинағы» (Алматы 2011). «Монголия қазақтары этикалық тобын зерттеудің бағдарлама – сұрақнамасы» (Алматы 2004) «Қазақ киіз үйі» (Атырау- Лондон, 2005) «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет ғұрыптары. 1,2 том» (Алматы 2005-2006). Кунсткамера жинақтарындағы қазақ дәстүрлі мәдениеті (Алматы, 2008) «Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал- Каспий аймағы: II- халықаралық ғылыми конференция материалдары.» (Алматы- Ақтөбе 2011); «Қазақ ескерткіш тануы бойынша 1-2 симпозиум материалдары.» (Алматы- Атырау, 2012) т.б.