Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

7 томдық академиялық басылымды әзірлеу және жазу мәселелері бойынша республикалық онлайн методологиялық семинар-кеңес өтті


2021 жылдың 17 наурызында Институтта ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы міндеттерін жүзеге асыру аясында Қазақстан тарих ғылымының даму тұжырымдама жобасын талқылау, 7 томдық академиялық басылымды әзірлеу және жазу мәселелері бойынша республикалық онлайн методологиялық семинар-кеңес өтті.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында көпғасырлық Ұлы Даланың тарихын ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін зерттеуді одан әрі жалғастыруға ерекше назар аудару қажеттілігі баса айтылған болатын. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлы Даланың тарихы тұтастай және жекелеген аса маңызды сақ, ғұн, Түрік қағанаты мен Ұлық Ұлыстан Қазақ хандығы, Ресей империясы және кеңес одағы кезеңдерін қамти отырып жаңа көзқарастар тұрғысынан ұғындырылуға тиісті. Бүгінгі таңда Отан тарихының өзекті мәселелері мен оқиғаларын тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қарастыру, мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік шекараның қалыптасуын, Қазақстан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму ерекшеліктерін, Ұлы дала халықтарының әлемдік өркениет пен мәдениетке қосқан үлестерін анықтау қажеттілігі туындады. Осы орайда ұлттық тарихтың алдында тұрған маңызды мәселелерді обьективті түрде ғылыми қауымның күшімен түсіндіру үшін Мемлекет басшысы ғалымдар алдына Қазақстан тарихы 7 томдық академиялық басылымын дайындау міндетін қойған болатын.

Республикалық онлайн методологиялық семинар-кеңеске жиналған ғылыми сараптамалық қауымдастық Қазақстан тарих ғылымының даму тұжырымдама жобасын талқылау, Қазақстан тарихы 7 томдық академиялық басылымының методологиясы және т.б. маңызды мәселелерді қарастырды.

Бұл іс-шараға т.ғ.д., профессор Игібаев Советхан Қабдуәліұлы, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Жәкен Қожахметұлы Таймағанбетов, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Әбусеитова Меруерт Қуатқызы, т.ғ.д., профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы, т.ғ.д., профессор Оразбаева Алтайы Иранбекқызы, т.ғ.д., профессор Мұхатова Оразгүл Хасенқызы, т.ғ.к., Жакин Мәулен Советұлы қатысты.

Іс-шара соңында семинардың қарары қабылданды.