Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімшарттарға қол қою


2021 жылы наурызда Институт келесі ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойды: Collegium Civitas (Варшава қаласында орналасқан жеке университет, Польша), Шанхай шет тілдер университеті жанындағы Еуразиялық зерттеулер институты (Шанхай, Қытай), University of Pittsburgh (Питтсбург университеті, Питтсбург қ., Пенсильвания, АҚШ), «Астана халықаралық университеті» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.), «Shon» қоғамдық қоры (Алматы қ.), «Шоқан Уәлиханов атындағы Жекеменшік мектебі» ЖШС (Алматы қ.). Осы меморандумдарды жасасудың басты мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп ұйымдастыру және жүзеге асыру, сонымен қатар қоғамдық іс-шараларды (конференциялар, семинарлар және т.б.) бірлесіп жоспарлау және өткізу, ғылыми кадрларды даярлауды қамтамасыз ету.