Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 04-09.12.2012 ж.


05.12.12. Институт Қазақ Қыздар педагогикалық университетімен бірлесе отырып, «05.12.12. Институт Қазақ Қыздар педагогикалық университетімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті күніне» орай «Н. Назарбаев еңбектері – Тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі» тақырыбындағы Дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Директордың коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары С. О. Смагулова және т.ғ.к., доцент З.М. Төленова қатысты.

06.12.12. Институт Қазақстанның Қоғамдық тарихшылары, Орталық мемлекеттік мұрағаты, «Абай-Ақпарат» атты қазақ интернетін дамыту Қоры, сонымен қатар Қазақстандық «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы бірлесуімен, «Қазақстандағы 1931-1933 жж. аштық: себептері және салдарлары» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің қызметкерлері Қ.С. Алдажұманов, С.О. Смагулова, Г.Ж. Ускембаева, А.Т. Саурықова және т.б. қатысты.

06.12.12. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Азаттық» радиосына Қазақстандағы 1930 жж. аштықты зерттеу комиссиясының жұмыс барысы жөнінде сұхбат берді.

06.12.12. Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент «1931-1933 жж. Қазақстандағы аштық: себептері және қасірет аумағы» тақырыбында «Central Asia Monitor» газетіне сұхбат берді.

06.12.12. Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетінде өткізілген «Жетісу XIX ғасыр: Атамекеннің тұтастығы мен елдің тәуелсіздігі үшін күрес» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, ЖҒК, т.ғ.к. С.К. Рүстемов, ЖҒҚ, т.ғ.к. Ә.К. Шашаев, т.ғ.к. Г.Ж. Ускембаева, АҒК, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов баяндама жасады.

07.12.12. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Алматы қаласында өткізілген «Нұр Отан» Алматы филиалының ХІІ есептік-талдау конференциясына қатысты.

07.12.12. Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Р.А. Бекназаров Қостанай қаласында өткен «Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңару жолында» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Өлкетанудың Қазақстан тарихындағы рөлі және орны: Қостанай облысы материалдарында» тақырыбында баяндама жасады.

07.12.12. Ежелгі және ортағасырлар және іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, ЖҒК, т.ғ.к. Қ.З. Өскенбай «Тарих ғылымы және қазақ тілінің диалектологиясының өзекті мәселелері» тақырыбында ҚР БҒМ А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі Институтының ұйымдастыруымен атақты ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Сапарғали Омарбековтың 85-жылдығына арналған халықаралық Дөңгелек үстелге қатысты.

07.12.12. «Жас қазақ» газетінің №(412) санына Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., А.У. Тоқтабай және Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразовтың «Бұрынғы бай және бүгінгі бай» атты Дөңгелек үстелге берілген сұхбаты жарияланды.

08.11.12. «Алматы Ақшамы» газетінің №148 (4709) санына Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұмановтың «Ашаршылық пен қуғын-сүргінді бір-бірінен ажыратып айтуға болмайды» тақырыбында мақаласы жарық көрді.