Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 26.11.-02.12.2012 ж.


27.11.12. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Әуезов ауданының әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Бір Отан. Бір тағдыр. Бір Елбасы» атты Дөңгелек үстел отырысында «Н. Назарбаев және болашақты болжаған кемелдік» тақырыбында баяндама жасады.

27.11.12. Директордың ұйымдастырушылық және коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева «Хабар» (Қазақ ТВ) телеарнасына мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы С. Асфендияров жайында сұхбат берді.

27.11.12. Ғылыми кеңес болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер: гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландырылған жобаларды жүзеге асыру барысында бөлімдерден есебі; 2) 2012 жылғы ҒЗЖ-ның гранттық және бағдарламалық-мақсатты тақырыптар бойынша ғылыми хатшының есебі; 3) ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелігіне кандидатура ұсыну туралы; 4) Әр түрлі мәселелер.

28.11.12. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Алматы қаласында болып өткен «Нұрсұлтан Назарбаев: Тәуелсіз Қазақстанды құру жолындағы стратегиялық шешімдері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Астана – ұлттық идея ұйытқысы» тақырыбында баяндама жасады.

29.11.12. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов, АҒК, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов және ҒК Р.Д. Көбеев Астана қаласында өткен «Бірінші Назарбаев оқулары «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» І Халықаралық форумына қатысты.

29.11.12. «Қазақстанның белгілі тарихшылары: тағдыры және ғылыми мұралары» тақырыбында Институттың кезекті методологиялық семинары өткізілді. Семинарда т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов және т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева баяндама жасады.

30.11.12. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Е.Ж. Оразбек «Тарихи-мәдени мұра және қазіргі мәдениет» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып, «Ұлытау ауданының кейбір топонимдері» тақырыбында баяндама жасады.