Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті мен этноәлеуметтік құрылымын зерттеу контекстіндегі Оңтүстік Қазақстанның этникалық тарихының мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ақпараттық хаты


ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2021 жылдың 20 мамырында Оңтүстік Қазақстан аумағындағы, ең алдымен, қазақтардың халықтық тарихының мәселелері тұрғысынан этногенетикалық, этномәдени процестердің ерекшеліктеріне арналған «Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті мен этноәлеуметтік құрылымын зерттеу контекстіндегі Оңтүстік Қазақстанның этникалық тарихының мәселелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция  өткізеді. Географиялық жағынан оған Қазақстан Республикасының қазіргі аймақтары – Түркістан, Жамбыл, Қызылорданың едәуір бөлігі және ішінара Алматы облыстары кіреді. Тарихи тұрғыдан бұл өңір ежелден Ұлы Дала мен Орта Азия арасындағы маңызды тоғысу аймағы болып келген, онда далалық, көшпелі және отырықшы-егіншілік, қала өркениеттерінің ұзақ уақыт өзара әрекеті орын алып, Оңтүстік Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне елеулі із қалдырған. Мұндағы этникалық, этномәдени және этноәлеуметтік үрдістер ертеден белгілі ерекшеліктермен сипатталады: ортаазиялық аймағына мәдени-шаруашылық ұмтылысы (мал шаруашылығы, далалық дәстүрлерінің көптеген базасының негіздерін сақтай отырып), отырықшы-егіншілік оазистерінің болуы және т.б. Көп ғасырлар бойы әртүрлі факторлар, субстрат және миграциялық үдерістер – ертедегі этносаяси бірлестіктер үйсіндер, қаңлылар, түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар және одан кейін ірі саяси мемлекеттер Оғыз ябғуы, Қарахан, Хорезмшах, Шағатайлықтар аймақтың этникалық бейнесін қалыптастырды. Сырдария-Қаратау аймағы және шығыста іргелес аумақтар Қазақ хандығының ең маңызды стратегиялық аймағына, саяси және экономикалық орталығына айналды.

Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихын зерттеу Қазақстанның этнология ғылымының ең күрделі бағыттарының бірі екені белгілі. Қазақ халқының этникалық негізін, Орталық Азиядағы бірқатар басқа түркі этникалық топтары секілді, этникалық шығу тегі әр түрлі рулар мен тайпалар құрады. Көптеген ежелгі түркі мен одан бұрынғы жалпы және рулық атауларының қазақтардың этникалық номенклатурасында бүгінгі күнге дейін сақталуы кездейсоқ емес, бұл ірі далалық этносының қалыптасуының күрделі үдерісін көрсетеді. Қазақстан халықтарының этникалық құрамы соңғы 3 мың жылдықта құбылып отырды. Ол динамиканың өзгеріске ұшырауы қуатты орталықазияның (шығыс) мәдени-генетикалық ошағы мен жергілікті субстраттың өзара қатынасының нәтижесі. Сонымен қатар, аймақтың тарихи қалыптасуы, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан малшаруашылығы және малшаруашылық-егіншілік түрлері секілді мәдени/этнографиялық ерекшеліктерінің жүйесіне жалғасып келе жатқан – тіршілікқамы мен тұрмысы, халықтық дәстүрлері, этникалық және психологиялық стереотиптері ерте дәуірдегі дәстүрлерінен толықтай ажырай қоймаған. Аймақ тұрғындары және біздің отандастарымыздың ұлттық бірегейлігі мен тарихи қалыптасуының өзін-өзі бағалауы үшін конференцияның тақырыбы ғылыми және жалпымәдени маңыздылығы өте жоғары.

Конференция 2021 жылдың 20 мамырында ZOOM платформасы арқылы онлайн-форматта өтеді.  Конференцияның идентификаторы: 869 0308 7838; паролі: 189184.

Конференцияға қатысуға отандық және шетелдік мамандар – этнологтар, тарихшылар, археологтар, тіл мамандары, мәдениеттанушылар, музейтанушылар және т.б.; Оңтүстік Қазақстан облысының этногенезі мен этникалық тарихын зерттеуге мамандандырылған магистранттар мен докторанттар шақырылады.

Конференция аясында келесі мәселелер талқыланады:

  • Оңтүстік Қазақстанның этнотарихы: жетістіктері мен зерттеудің өзекті мәселелері
  • Оңтүстік Қазақстан тарихындағы этномәдени үдерістер
  • Жазба құжаттардағы Оңтүстік Қазақстанның этникалық тарихы
  • Археологиялық заттай деректердегі Оңтүстік аймақтың этникалық үдерістері
  • Оңтүстік Қазақстан қазақтарының халықтық тарихы: шежіре және т.б.
  • Оңтүстік Қазақстандағы этно-мәдени генезисі мен физикалық антропологияның/генетиканың заманауи жетістіктері
  • Оңтүстік Қазақстанның этникалық тарихы және этнолингвистика
  • Оңтүстік Қазақстанның этникалық тарихын зерттеудің теориялық, методологиялық және ғылыми-практикалық мәселелері

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі

Конференция жұмысына қатысу және баяндама тақырыбын бағдарламаға енгізу үшін қатысушыларға өтініш және мақала мәтінінің (жеке файылмен жіберіледі) толтырылған формасын 2021 жылдың 1 мен 15-мамырына дейін ұсыну қажет.

Конференция жұмысы нәтижесі ретінде материалдар/баяндамалардың Жинағын жариялау көзделуде. Материалдар (ғылыми мақала немесе кең көлемді тезистер ретінде) жариялану үшін конференция тақырыбына және қатаң (Ақпараттық хаттың соңында берілген, сондай-ақ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сайтының «Жаңалықтар» бөлімінде орналастырылған) талапқа сай безендірілген болуы керек. Баяндамалар мәтінін қабылдаудың соңғы мерзімі: 2021 ж. 15 мамыр. Талапқа сай безендірілмеген немесе белгіленген уақыттан кеш жіберілген, сонымен қоса ғылыми мазмұнға ие емес баяндамалар (мақалалар) жарияланымға қабылданбайды.

Өтініштер мен баяндамалар/ мақалалар мәтінін Ұйымдастыру комитеті адресіне жолдау қажет: 050010, Қазақстан, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Этнология және антропология бөлімі.

Тел. +7(727) 261-65-57.

Е-mail: kazethnology@gmail.com

Тел.: +77013707032, Гүлмира Үсенбайқызы Орынбаева, т.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер.

  

КОНФЕРЕНЦИЯ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖИНАҚҚА ЖАРИЯЛАУ ҮШІН БАЯНДАМАЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР БЕЗЕНДІРІЛУНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

Жарияланымдарға қойылатын жалпы талаптар: конференция тақырыбына сәйкес болу, өзектілік, жоғары ғылыми деңгей, сапалы мазмұндау стилі.

Мақала көлемі – 30 мың белгіге дейін (10 – 12 бет)

Мақаланы рәсімдеу

Мақалалар қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде ұысынылады.

Мәтін MicrosoftWord бағдарламасымен теріледі. Мақала бетінің пішімі – А4, парақ бетінің барлық жағынан шегі – 2,5 см, гарнитура – TimesNewRoman, кегль – 12 п, жоларалық интервал – бір, азат жол шегінісі – 1,0 см.

Парақтың сол жақ жоғарғы бұрышында ӘӨЖ (УДК) қойылады.

Осыдан кейін – аты-жөні, автордың тегі,елді мекеніжәне жұмыс орны;бір қатар төмен ортасынан бас әріппен (қалың шрифтпен)мақаланың аты жазылады. Бір интервалдан төмен мақаланың қысқаша мазмұнын ашатын мақала тілінде аннотация (3–5 сөйлем)  және арасы үтір арқылы бөлінетін кілттік сөздер немесе сөз тіркестері жазылады (5–7 сөз).

Бір қатардан кейін төменгі жағында осы параметрлерді қайталай отырып, ағылшын тілінде аннотация және кілттік сөздер жазылады.

Тағы бір қатардан соң мақаланың негізгі мәтіні орналасады.

Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналасып, мәтінде кездесу реті бойынша беріледі.Сілтемелер төртбұрышты жақшада нөмір түрінде әдебиеттер тізімі бойынша деректің бетін көрсетіп рәсімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] немесе [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі қажет.

Барлық кестелер, схемалар мен суреттер атауы берілген жәнеWindows ортасында терілуі керек.

Барлық суреттер мен фотографиялар қанық және 300 dpi-ден кем емес мүмкіндікте болуы тиіс. Барлық иллюстрациялар реттік санмен нөмірленіп, суретке түсініктеме беріледі. Суретке түсініктеме қысқа әрі түсінікті болуы керек.

Кестелер көрнекі және атауы болып, реттік санмен орналасуы керек.

Кесте немесе сурет мәтінде жалғыз болса, нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек. Суреттер мен кестелер мәтінде қажетті орынға қойылады.

Жалпы қабылданған ережелерден  басқа жағдайда сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатураларды мәтінге енгізер алдында олардың толық нұсқасы көрсетілуі тиіс (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы − ҚР ҰҒА).

Ескертулер жоғарғы индекс түріндегі сандармен ресімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс.Ескертулер мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТУ бөлімінде жазылып, жоғарғы индекс түріндегі санмен нөмірленеді. Мәтіндегі жол асты сілтемелерге жол берілмейді.

Егер мақалада ЕСКЕРТУЛЕР де, ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ де (және ДЕРЕККӨЗДЕР) болса, онда алдымен ЕСКЕРТУЛЕР бөлімі жазылады.

Белгілердің унификациясы: тырнақша – «»; ғасырлар рим цифрларымен, жылдар араб цифрларымен көрсетіледі. Дефис (-) және орташа сызықшаны (–) айыра білу керек. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді белгілеу кезінде қолданылады: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (бөлінбейді), немесе XV –XVI ғғ. басы (бөлінеді); 7–8 км; М.–Л. және т. б.

Табуляция жасауға, сөздердің арасын бөлуге, автоматты режимде орындалатын командаларды, макростарды пайдалануға, мәтіндерді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.

Файлдың атауы автордың тегі (мәтіндік файлдар үшін − Омаров_өтініш.doc, Омаров_мақала.doc; иллюстрациялар үшін – Омаров_сурет1.jpeg).

Мақаламен бірге автор туралы қазақ (немесе орыс) және ағылшын тілдерінде ақпарат (жеке файлмен) қоса беріледі: тегі, аты, әкесінің аты (толық), ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы, ұйымның толық атауы, толық жұмыс орны, мекенжайы (пошта индексін көрсете отырып), e-mail, қызметтік, үй және ұялы телефондардың нөмірлері.

Редакциялық алқа ресімдеу талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы.

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ 

ӘӨЖ

Абдулина А.Т.

Қазақстан. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

 

МАҚАЛА АТАУЫ

 

Аннотация (қазақша немесе орыс тілінде)

Кілттік сөздер: …; …; …; …; ….

 

AbdulinaA.T.

Кazakhstan. Ch.Ch. Valikhanov Institute of History and Ethnology

TITLE OF ARTICLE

 

Annotation (on English).

Keywords: …; …; …; …; ….

 

Мақала мәтіні…

 

ЕСКЕРТУЛЕР

 

ӘДЕБИЕТТЕР