Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 19-25.11.2012 ж.


20.11.12. Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. Р.А. Бекназаров «Қазақстан-Атырау» телеарнасында таңғы бағдарлама, «Қайырлы таң, Атырау» бағдарламасына қатысты.

20.11.12. Директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. Р.А. Бекназаров «Қазақстан-Атырау» телерадиосына «Қазақ ескерткіштануы» 2-Симпозиумының мақсаты және міндеттері жайында сөз сөйледі.

21.11.12. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Астана қаласында Алаш Орда үкіметінің 95-жылдығына орай ұйымдастырылған, «Алаш тарихы және Алаш Орда мұрағат құжаттарында» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «А. Байтұрсынов және Қазақстан тарихы» тақырыбында баяндама жасады.

21.11.12. Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразов «Азаттық туын алғаш көтерген ардақты тұлға» Халықаралық ғылыми конференциясында «Сырым бастаған азаттық көтерілістің кейбір мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

22.11.12. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК Е.Ж. Оразбек Алматы қаласындағы Ю.Н. Рерих атындағы Мәдениет орталығында болып өткен, Ю.Н. Рерихтың 110-жылдығына орай өткізілген ғылыми-қоғамдық оқуларына қатысты. Е.Ж. Оразбек «Роль и историческое значение конно-кочевых народов центрально-азиатского региона в наследии Ю.Н. Рериха» («Ю.Н. Рерихтың мұраларындағы атты-көшпелі ортаазиялық халықтардың рөлі және тарихи маңызы») тақырыбында баяндама жасады.

22-24.11.12. Атырау қаласында Атырау облысы әкімдігі, сонымен қатар Атырау облысы Мемлекеттік күзет, тарихи-мәдени мұраларды пайдалану және қалпына келтіру Мемлекеттік инспекциясының ұйымдастыруымен, «Қазақ ескерткіштануы мәселелерінің» 2-Симпозиумы өткізілді. Симпозиумда т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали, т.ғ.д. Р.А. Бекназаров, А.К. Омарова, Б. Ашимов өз баяндамаларын жасады.

23.11.12. Директордың ұйымдастырушылық және коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары С.О. Смагулова «Мәдениет» телеарнасына «Мұрағат ісі» бағдарламасына сұхбат берді.